- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Ит болған оқиғаны...
Ит болған оқиғаны 5 минуттан кейін ұмытып қалады
Ғалымдар мысықтың есте сақтау қабілеті иттен де жақсы деп отыр. Ит болған оқиғаны есінде 5 минут ұстаса, мысық оны 16 сағат бойы ұмытпайды екен.
Аустралиялық құбылмалы балықтар да одан қалыспайды. Осыдан 11 ай бұрын жүргізілген тәжірибеде олар лабиринттен шығу жолын есте сақтап қалған. Құбылмалы балық небары 2-3 жыл ғана өмір сүреді. Сондықтан, оның есте сақтау қабілеті адамның 20-30 жыл бұрын істеген іс-әрекетін есінде ұстап тұруымен тең.
Есте сақтау қабілеті айдарлы жорғаторғайда да мықты дамыған. Жорғаторғай тығып қойған жемтігінің қайда тұрғанын ұзақ уақыт ұмытпай жүре алады.
Оқи отырыңыз :
Ең ұзын мақұлықты білесіз бе?
Әр жануар өмірді әрқалай көреді
"Мона Лиза" картинасы туралы қызықты деректер
Испан суретшісінің қала көшелеріне салған суреттері
Сурет: www.liveinternet
Н. Нұрмаханұлы