Ең ұзын мақұлықты білесіз бе?

Ең ұзын мақұлықты білесіз бе?

60 метрлік құртты көргенде қандай сезімде болар едіңіз? Иә, бұл әлемдегі ең ұзын мақұлық. Бұл оралып жатқан құрт Атлантика суларында өмір сүреді. Құрттың денесінің ұзындығы 60 метр. Ең қызықтысы, ғалымдар мұның себебін түсіндіре алмай отыр. Алайда бұл ұзын құрт ерекше жылдамдықпен өсетіндіктен рекордтық көрсеткішке ие болып отыр. Ең ұзын құрттың денесінің көп бөлігі бұлшық ет. Және тағы бір айта кететін жайт, бұл құрттарда жүрек жоқ.

Бұларды Норвегиядан және Британ аралдарының жағалауынан кездестіруге болады.

Сурет: angolodellamicizia.forumfree.it, marlin.ac.uk

Ж. Исакаев