Франция туралы ең қызықты деректер

Франция туралы ең қызықты деректер
Франция – Еуропадағы дамыған, мәдени-туристік ел. Егер Францияға жолыңыз түссе сізге мынадай қосымша деректерді біле жүрген артық етпес деп ойлаймыз.

  • Ca va?” (қалай жағдай?) деген сұраққа жауап та “Ca va” болады, тек интонация ғана өзгереді.
  • Француздар француз тілінен өзге тілдерде сөйлескенді ұнатпайды.
  • Француздар ағылшын тілінде сөйлегенде олардың акценті өздері көп қолданатын жіңішке дауыссыздардың есебінен өте күлкілі естіледі.
  • Французша ағылшын тілі franglais (франглэ) деп аталады, яғни екі тілдің қосындысы.
  • Француздар өздері қарапайым босла да, тәкаппар болып көрінгісі келеді.
  • Француздардың радио және телебағдарламаларында ағылшын тіліндегі бағдарламалар шектеулі. Әсіресе, американдық клиптер, фильмдер тағы басқа шетел мәдениетінің көріністері өте аз көрсетіледі.
  • 2011 жылдың маусым айынан бастап Францияда фейсбук пен твиттер атауын телебағдарламаларда қолдануға тыйым салынған.
  • Француздар өте ұялшақ.
  • Францияда амандасу мен қоштасуды да кезекпен орындайды.
  • Француздардың көп бөлігі Peugeot, Renault немесе Citroen автокөліктерін ғана мінеді.

  • Француздар жұмыста белгіленген уақыттан артық отырмайды.
  • Францияда жұмыс аптасына 35 сағат.
  • Францияда Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда жылына ең аз жұмыс уақыты тіркелген екен. (1554, АҚШ-та – 1810)
  • Жексенбі күні барлық дүкендер жабық болады.
  • Жексенбі және дүйсенбі күндері барлық банктер жұмыс істемейді.
  • Көптеген француздар Канадаға көшіп кеткенді қалайды.
  • Канадаға уақытша оқу немесе жұмыс бабымен барып қайтқандар кейіннен толығымен көшіп кетуді жоспарлайды.
  • Бір бөтелке вино 3-4 евро тұрады.
  • Ал бір стақан шәй 4-6 евро тұрады.
  • Француздар көбіне ет жегенді ұнатады.
  • Лувр – әлемдегі келушілер саны ең көп мұражай (жылына 8,5 млн адам) болып саналады.
  • Эйфел мұнарасына шығу жолағында әрқашан ұзыннан-ұзын кезек тұрады.
  • Француз әйелдерінің есеп шотын ер адам төлейтін болса, ол төмен санағандықты (қорлағандықты) білдіреді.
  • Француз әйелдері киім үлгісінде көбіне классиканы ұнатады.

  • Француз әйелдері киім түсіне сейкес әр түрлі бижутериялар мен аксессуарларды тағып жүргенді жөн көреді.
  • Францияда шүмектен су ішуге болады.
  • Францияда коммуналдық қызмет өте қымбат.
  • Сантехникке күніңіз түссе, 500 евродан кем төлемейсіз.
  • Францияда қағаздағы құжаттардың айналымы өте белсенді.
  • Францияда төленген заттың түбіртектерін, хаттарды тастауға болмайды. Оларды француздар өмір бойы сақтайды.
  • Франциядағы мемлекеттік ЖОО-ларда білім алу тегін.
  • Ал жеке ЖОО-ларда білім алу ақылы және беделді болып табылады.
  • Францияда университеттердің емтихандары жазбаша және анонимді тұрғыда өткізіледі.
  • Франциядағы ауылдардың барлығы дерлік вино өндірумен айналысады.
  • Кинотеатрларда барлық жаңа кинолар француз тілінде немесе француз субтитрімен қойылады.
  • Франция - Еуроодақтағы ауыл шаруашылығы ең дамыған мемлекет.
  • Франция жерінің 82 пайызы ауыл шаруашылығының қажетіне жаратылады (48 млн га).
  • Франция жылына 7-8 млрд бөтелке вино дайындайды. Оның әлемдегі үлесі 18 пайызды құрайды.
  • Француздардың 70 пайызы қызыл виноны ұнатады.

  • Коньяк – Франциядағы провинцияның аты. Осында өндірілмеген коньяктар «коньяк» статусына ие бола алмайды.
  • Француздың әр түскі асында вино болуы міндетті.
  • Француздар түскі асқа көбіне багет жейді.
  • Франция бақа импорты бойынша әлемде бірінші орынды алады.
  • Француздардың өздері бақаны жемейді. Ол туристер үшін жеңсік тамақ түрі.
  • Бақаның етінде калория өте аз болады (тауықтый етіне ұқсайды).
  • Франция Еуроодақтың құрылуына мұрындық болған ел.
  • Еуропаның бірігуіне бастама жасаған - Робер Шуман. Ол 1948-1953 жылдары Францияның сыртқы істер министрі болған.
  • Францияда тауарлардың жаппай сатылымы жылына екі рет болады (қаңтар-ақпан және шілде-тамыз).
  • Францияда полицейлер роликпен жүреді.
  • Париж тарихындағы ең үлкен су тасқыны 1910 жылы орын алған.
  • 1898 жылы Парижде метроның алты бағыты іске қосылды.
  • Лувр 1793 жылға келіп мұражай мәртебесін иемденді (негізі XII ғасырда салынған).

  • Франциядағы Europcar агенттігінен көлікті жалға алу тура сол агенттіктің Германиядағы орталығына қарағанда екі есе қымбатқа түседі.
  • Германияда 1 еуроға бағаланған зат Францияда 2 еуроға сатылады.
  • Францияда концерттен кейін әртістерге гүл шоғырлары берілмейді (театрда, операда).
  • Француз студенттері дәрістерде тапсырмаларға жауап бермейді. Тіпті дұрыс жауапты білсе де.
  • Францияның қазіргі жалауы 1794 жылы енгізілген.
  • Еуроодақтың 12 жұлдызды жалауын Страсбургтің тұрғыны Arsène Heitz 1955 жылы жасаған.
  • Францияның әнұраны Марсельеза 1917 жылдағы төңкерістен кейін біршама уақыт бойы Ресейдің әнұраны ретінде қолданылған.
  • Марсельезаның авторы - Роже де Лиль. Әнұран алғаш рет Страсбург қаласында орындалған.
  • Францияда тіпті ит асыраушыларға да жәрдемақы төленеді.
  • Франциядағы студенттің қоғамдық көліктерде айлық жол жүру ақысы 10 центті (еуроцент) құрайды.
  • Франция атом электр энергиясын өндіру бойынша әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұрады.
  • Францияда 59 атом электростанциясы бар.
  • Француздар орта есеппен күніне 9 сағат ұйықтайды.
  • Француздардың ұраны: «Біз жұмыс істеу үшін өмір сүріп жатқан жоқпыз, керісінше ...».
  • Француздар үнемі жұмысқа немесе белгіленген кездесуге кешігіп барады.
  • Келісім шарттарын жасаудағы кездесулерге 15 минут кешігу әдеткі жағдай.
  • Карузель (Arc de Triomphe du Carrousel) триумф аркасы Наполеонның жеңісі құрметіне 1806-1808 жылдары салынған.

  • Bugatti көлігі Францияның Эльзас деген аймағында жасалынады.
  • Француздардың ең үлкен ұлттық мейрамы – Бастилия қамалының алынған күні (14 июля 1789).
  • Франция ЕО елдері ішіндегі ең салығы жоғары мемлекет.
  • Табыстың салығы - 34,3%.
  • Тауардың үстеме салығы - 19,6%.
  • 2006 жылы табыстың салығы 50%-ға көтерілді. 

 

Тағы да оқи отырыңыздар:

Жануарлар туралы біз білмейтін 10 таңғажайып дерек

Рубик кубигі қалай пайда болды?

Қалалар мен жер-су атауларының мағынасы нені білдіреді?

Францияда бәрі бар!

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:www.institut-francais.org.uk

Ж. Өрісбай