- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Қалалар мен жер-су...
Қалалар мен жер-су атауларының мағынасы нені білдіреді?
Географиялық атауларға бала кезімізден құлағымыз үйренгенімен, оның шығу тегі мен сөздің этимологиясына онша мән бере бермейтініміз рас. Айта кетсек, кез келген атаудың сол территориялық аймаққа ғана қатысты оқиға, аңыз немесе географиялық ашылумен тікелей байланысы болады. Ал олай болса, топонимикалық атауларға қысқаша шолу жасап көрелік.
Топонимика – Африка
Африка – лат. «аязсыз» деген ұғымды береді. Африканың солтүстігіне еуропалықтар алғаш рет аяғын басқан кезде сол аймақты афригилер тайпасы мекендегендіктен сол есім материкке берілген.
Сахара шөлі – арабша «шөл» деген мағынаны білдіреді.
Нигер елі – лат. «қара» деген ұғымды береді.
Замбези өзені – жергілікті тұрғындар тілінде «ұлы өзен» дегенді білдіреді.
Қызғылт (Оранжевая) өзені – Бұл географиялық атауға түстің еш қатысы жоқ. Өзеннің аумағына Голландиядан көшіп келген буры тайпалары өз ханзадалары Оранскийдің құрметіне солай атайды.
Танганьика көлі – «судың жиынтығы» деген ұғымды білдіреді.
Виктория көлі – Королева Викторияның құрметіне осылай аталған (Д.Ливингстон).
Килиманджаро тауы – жергілікті суахили тайпасының тілінде «Суық Құдайының тауы» деген мағынаға сәйкес келеді.
Калахари шөлі – бечуа тілінде «шөл азабы» деген ұғымды береді.
Хартум қаласы – Суданның астанасы. Атаудың арабшадан аудармасы «тұмсық» дегенді береді, яғни қала орналасқан аймақ Ақ Ніл мен Көк Нілдің қосылған жеріндегі түбектің кескіні піл тұмсығына ұқсас болып көрінеді.
Эфиопия елі – грекше «беттері күннен күйген адамдардың мемлекеті».
Аддис-Абеба – эфиоп тілінде «жаңа гүл» деген мағынаны білдіреді.
Топонимика – Азия
Азия – көне аңыздардың желісіне орай алып құдай Мұхиттың бір қызының есімі.
Руб-ель-Хали шөлі – «әлемнің бос бөлігі».
Бенгал шығанағы – индус сөзі «бенгала», «банга тұрағы». Бенгалдар Бенгал шығанағының байырғы тұрғындары.
Сырдария – тәжікше «суы мол өзен».
Әмудария – парсы тілінде «үлкен өзен».
Енисей өзені – эвенкі тілінде «үлкен өзен».
Дарданель бұғазы – бұл атау осында ертеректе өмір сүрген дардон тайпаларының атына берілген.
Джомалунгма – тибет тілінде «құдайлардың анасы». Ал непалдық атауы Сагарматха «аспан әміршісі» және ағылшынша Эверест – атақты геодезист Джорта Эвересттің құрметіне берілген.
Алтай тауы – моңғолша «алтын таулар».
Куньлунь тауы – қытайша «жуалы таулар».
Памир тауы – иран тілінде «Па-и-Михр» деп жазылады және Митр бөктері деп түсіндіріледі (Митр – ежелгі парсылардың Күн Құдайы).
Месопотамия – грекше «екі өзен аралығы» (Эвфрат пен Тигр).
Камчатка түбегі – XVII ғасырда түбекті зерттеген орыстың жиһангезі Иван Иванович Камчаттың атымен аталған.
Беринг – 1648 жылы жиһангез казактардың басшысы С.И.Дежнев ашты. 1728 жылы Капитан Витус Беринг бұғаздан екінші рет өтті. Капитан Беринг сол саяхатынан аман оралмағандықтан бұғазға соның есімі берілді.
Топонимика – Америка
Чикаго қаласы – «жабайы жер»
Онтарио көлі – «өте әдемі су»
Кариб теңізі – Кариб тайпасының атынан алынған.
Мексика елі – Ацтек жауынгерінің құдайы Мехитлидің атымен аталған.
Флорида штаты – испан тілінде «гүлденген жер».
Аляска штаты – алеут тілінде «қоныссыз мекен».
Кордильер тауы – испан тілінде «тізбек шынжыр».
Аппалач тауы – аппалач атты үндіс тайпасынан алынған.
Миссисипи өзені – жергілікті үндістердің тілінде «сулардың әкесі»..
Колорадо өзені – испан тілінде «қызыл өзен»
Луизиана штаты – Француз королі Людовиктің құрметіне осылай аталған.
Рио-Гранде өзені – испанша «үлкен өзен».
Миссури өзені – жергілікті үндістер тілінде «балшық немесе лайлы өзен» деген мағынаны білдіреді.
Ниагара сарқырамасы – «үлкен шу»
Канада елі – эскимостар тілінде «кішкене ауыл» деген ұғымды береді.
Оттава қаласы – үндістердің оттава тайпасының атымен аталған.
Сальвадор қаласы – испан тілінде «құтқарушы»
Коста-Рика елі – испанша «өте бай жағалау»
Гондурас мемлекеті – испан тілінде «терең» деген мағына береді.
Секвойя – чирок тайпасының көсемі Секвойяның құрметіне қойылған.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет:allaboutexplorers.com
Ж. Өрісбай