- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Австрия мен Австралияны...
Австрия мен Австралияны неге шатастырамыз?
Көбі Австрия мен Австралияны шатастырып жатады. Өйткені атаулары қатты ұқсас. Бірақ екеуі екі бөлек мемлекет екенін білгеніміз дұрыс.
Австрия немісше Österreich (шығыс елі) деген сөзден шыққан. Орталық Eуропада oрналасқан мемлекет. Солтүстігінде Чехия және Алманиямен, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Словения, Мажарстан және Италиямен, батысында Швейцариямен шектеседі. Астанасы — Вена қаласы. Мемлекеттік тілі – неміс тілі. Тұрғын саны – 8,46 миллион адам.
Австрия жалауы
Әлемге танымал актер Арнольд Шварценеггер Австрияда туған.
Ал Австралия Австралия материгі мен Тасмания аралында орналасқан мемлекет. Аустралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары – Сидней, Мельбурн. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Тұрғын саны – 23,78 миллион адам.
Австралия жалауы
Әйгілі модель Миранда Керр Австралияда дүниеге келген.
Екеуін шатастырмау үшін Австрия (аз әріп) кіші мемлекет, Австралия (көп әріп) үлкен мемлекет деп есте сақтауға кеңес береміз.