Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Сидней Опера театры - құрылысы 15 жылға созылған өнер ордасы

Сидней Опера театры - құрылысы 15 жылға созылған өнер ордасы

Сидней Опера театры - құрылысы 15 жылға созылған өнер ордасы

Сидней Опера театры - қаланың ғана емес, күллі Австралия елінің мақтанышы. Театр ғимараты өзінің ерекше құрылысымен көзге түседі. Алайда, оның құрылысына 15 жыл уақыт кетті. Жоба авторлары біраз қиындықтарға душар болды.

1954 жылы театр тұрғызу туралы шешім қабылданып, құрылыс жобалары үлкен байқау негізінде қабылдана бастады. Байқауға 32 мемлекеттен келген 233 маман қатысты.


38 жастағы сәулетші Йорн Утзонның жұмысы байқау әділқазылары арасында біраз талас-тартысты туғызған болатын. Дат елінен келген сәулетші жобасындағы ақ желкендер теңіз жағалауында орналасқан қаланың болмысын бейнеледі. Өзгелерден ерекшеленген бұл жұмыс жеңіске жетті.

Жоба бойынша, ақ желкендердің биіктігі 60 метрге жететін. Техникалық жағынан қарағанда ғимаратты тұрғызу оңай болған жоқ. Ғимарат құрылысы 1957 жылы басталып, оған 7 млн АҚШ доллар қаржы бөлініп, театр алты жылда салынып бітуі тиіс еді. Алайда, құрылыс он жылға созылып, бөлінген қаржыдан 15 есе көп қаражат жұмсалды.

Ғимарат іргетасы қаланған кезде, негізгі инженерлік мәселелер шешілмеген. Бұл олқылықты жөндеуге Утзонның өзі кірісті. Ол шатырдағы алып желкендерді бөлу арқылы құрылыс жұмыстарын жеңілдетті.


Инженерлік мәселелер өз шешімін тапқанымен, жоба авторы қаражат жағынан біраз қиналды. Құрылысқа бөлінген қаржы жетпей, ғимараттың іргетасын қалауға шамамен 8 млн АҚШ доллары жұмсалды. Сол сәтте Йорн Уотзонды қолдаған жандар лотерея сатып алып, ұтыс ойындарына қатысты. Ұтып алынған ақша-қаражаттар ғимарат құрылысына жұмсалды.

Құрылыстың қарқынын көрген Австралия билігі құрылыс жоспарларын өзгертті. 1966 жылы Уотзон жобадан кетуге мәжбүр болды. Құрылысқа жергілікті сәулетшілер тартылып, ғимарат 1973 жылы салынып бітті. Сол жылдың 20 қазанында театр ғимараты салтанатты түрде ашылды.


Ерекше келбетімен өзгелердің назарын өзіне қарататын Сидней опера театры бұл күнде әлемнің ең әдемі театрларының қатарынан орын алады. Теңіз жағалауында орналасқан қаланың жауһары саналатын Сидней Опера театры Австралияның көрікті мекеніне айналды. Театр қойылымдарынан бұрын, әдемі ғимаратты көру үшін жыл сайын жердің түкпір-түкпірінен туристер келеді.

Суреттер: 1001fact.ru

10770 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 28 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев