Жарнама «Сәттілік сатушылары»

«Сәттілік сатушылары»
Фото: Баспасөз бөлімінің мұрғатынан

Лотерея саласындағы 2 жылға жуық үзіліс әсерінен Қазақстан бойынша мыңдаған лотерея билеттерін таратушылар жұмыс орындарын ауыстырды. Жаңа лотерея операторы «Сәтті Жұлдыз» пайда болғанда олардың көбісі бұрынғы жұмыстарына, тек жаңа компанияға қайта оралды. Өздерін «сәттілік сатушылары» деп атайтын таратушылар неліктен лотерея саласында жұмыс істеуге әуес екендерін айтты.

Алматы қаласының тұрғыны Надежда Иванова 5 жылдан астам лотерея билетінің таратушысы болып жұмыс істейді. Бастапқыда оған құрбысы «ТВ Бингода» жұмыс ұсынған. Надежда компания жұмысын тоқтатқанша сол жерде қызмет етіп, үзіліс кезінде басқа компанияға ауысуға мәжбүр болған. Жаңа лотерея операторы таңдалғанын және таратушыларды қабылдау өткізіліп жатқанын білгенде, Надежда бірінші болып өтініш бергендер қатарынан табылды. Ал жауабы оны ұзақ күттірген жоқ, оның бұрынғы жұмыс тәжірибесін назарға алып, компания Надежданы жаңа жұмысқа қуана қабылдады.

«Екі жыл бойы басқа салада адамдармен қарым-қатынассыз жұмыс істегендіктен, маған лайық жұмыс – лотерея екенін түсіндім. Мен сатып алушылармен араласқанды, жеңімпаздардың эмоциялық толғаныстарын сағындым. Маған әртүрлі қызықты адамдар келеді. Әркімнің өзіндік тактикасы бар, әркім өзінің ерекше екендігіне сенеді. Жастар үнемі асығыс, олар лездік лотерея сатып алады, жасы үлкен адамдар мен зейнеткерлер тираждық ойындарды жақсы көреді. Менің ойымша, лотерея ойнау адамға бір минутқа болса да ғажайыпқа сенуге мүмкіндік береді. Ал жеңімпаздар туралы тіпті айтудың да қажеті жоқ. Адамдарға ақшалай сыйлықтарды беру – менің сүйікті ісім»,– деді таратушы.

Қызылорданың тұрғыны Эльвира Мухамедшинаның оқиғасы да қызықты. Эльвираның өмірінің біраз бөлігі лотереямен тығыз байланысты. Ол бұл салада 2000 жылдан бері жұмыс жасап келеді. «Маған жұмысымда бәрінен де жеңімпаздардың қуанышын бөліскен ұнайды. Біреудің сәттілігінің бір бөлшегі болып, сенің оған қандай да бір қатысың бар екенін сезінген өте керемет. Лотерея қызметін басқа ешқандай саламен салыстыруға келмейді. Бұл жер үнемі игілікке, үмітке толы, кейде адамдардың көңілі қалатын сәттер де болады, бірақ мен сәтсіздік үшін жүйкесін жұқартқан адамды көрмедім»,– деп баяндайды Эльвира.

«Сәтті Жұлдыз» лотереясы ұлттық сату желісі Директорының айтуы бойынша, таратушылардың 60%-ы бұрын лотерея саласында жұмыс істеген. «Алайда бұл компаниямызға тек лотерея саласында тәжірибесі бар адамдарды ғана жұмысқа қабылдаймыз деген сөз емес,– дейді ол, – адамның сатып алушылармен тіл табыса алуы, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы маңызды. Бізде өзіндік желі және таратушылар желісі бар. Сату және қызмет көрсету саласында өз бизнесі бар кәсіпкер өтініш беріп, негізгі қызметімен қоса лотерея билеттерін таратумен айналысуына болады. Бұл жаңа тұтыынушыларды тартудағы қосымша құрал. Біздің серіктестеріміздің көбісі тұтынушылар ағымы және сәйкесінше сатылымдар ұлғайғанын айтады».

Сонымен, сіз де «Сәтті Жұлдыз» сату желісінің сатушысы бола аласыз. Ол үшін szhuldyz.kz мекенжайы бойынша «Ізденушілерге» бөліміндегі жұмыс орнына жауап беру керек. Екінші нұсқа – өз бизнесің бола тұра таратушы болу. Ол үшін оператор сайтындағы «Таратушы болу» бөлімінде өтініш беру қажет.

@. @assel_assanova