Созылатын мүсінді бұрын-соңды көріп пе едіңіз?

Созылатын мүсінді бұрын-соңды көріп пе едіңіз?

Бұл шебердің жұмыстарын алғаш көрген кезде қарапайым гипстен жасалған мүсін деп ойларсыз. Бірақ, бұл мүсіндер созылып әртүрлі қалыпқа ене алады. Олай болса, бұл туындылардың қалай жасалатынын сөз етейік.

Қытайлық шебер Ли Хунбо мүсіндерін бір-біріне желімделіп қосылған қағаз блоктарынан жасайды. Әр блок шамамен желімделген 500 қағаздан тұрады. Бір мүсінді жасау үшін, әдетте, 10 шақты блок қажет.

Айта кетейік, бұл әдісті ежелгі қытайлар қағаз шам жасау үшін қолданатын болған.

сурет: YouTube.com

Marketium.ru материалдары бойынша дайындалды

Е. Қайрахан