Мұхтар Шаханов. Нарынқұм зауалы

Мұхтар Шаханов. Нарынқұм зауалы
Фото: massaget.kz

"Нарынқұм зауалы" – ақын Мұхтар Шахановтың Махамбет Өтемісұлы туралы жазған жыры. Бұл поэма Махамбеттің күрескерлік айбынын, ұлттық болмысын, ақындық тереңдігін, азаматтық парасатын танытатын ілгері шығарма саналады.

Поэманың І бөлімі "Махамбеттiң соңғы сөзi" деп аталады. Өлеңнiң сюжет желiсi Махамбеттiң өмiрiнiң соңғы күндерi туралы өрбейдi. Өлеңдегi трагедиялық образ – Махамбет. Ол өзiнiң түсiн айту арқылы ақындық пен батырлықты дәрiптеп, өзiнiң ел болашағына деген зор сенiмiн бiлдiредi. Автор өлеңдi Махамбеттiң өз аузынан сөйлеу арқылы оқырмандардың зор ықыласын айтқан.

Мен сенемiн, күнi ертең
Пенделiктен тазарар деп ұлы өлкем.
Жә, қашанғы баққа зорлық мiнгеспек
Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.
Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйге
Есектердiң мойынында жүрмес деп

Өлең мазмұнын ерекше тереңдетiп тұрған-антонимдердiң стильдiк қолданысы: бақ пен зорлық; оттыотсыз; тұлпар-есек. Басқалай қолданғанда бұл сөздер бiр-бiрiне қарама қайшы емес, еркiн түрде айтылуы да мүмкiн. Бiрақ ақын бұларды жағымды жағымсыз етiп, эмоциямен ұштастырып көрсету арқылы өз өлеңiн нәрлендiрiп тұр.

Туған елiм, Құдiретiмсiң аңсаған
Алдан жарқын Күн шыққаным
Кескiнiңдi көрмейiншi шаршаған
Пасыз ойлар тұншыққанын
Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша
Жер астынан қарап жатар мен саған.

"Дулығаны қақ жарып гүл шығу" сәттi қолданылған метафора, яғни жаугершiлiк заман өттiп, бейбiтшiлiктiң келуi. Ақын Махамбеттiң монологы арқылы бүгiнгi күндi жырлап отыр. Махамбет сынды ұлы ақынның тегеурiнiн, қаһары мен ойлылығын бүгiнгi поэзия аспанына жiбек тордай жайып жiберуге ұтылысы бар. Iштей керемет жiгерлi өлең жасаң оптимизмнен, тек жасампаздықтан тұрмайды. Олармен қоса әдемi арман, ойлы мұң, үзеңгi қағыстырып, биiк мақсатқа бастайды, Сөйтiп лирикаға тән алау от пен лап етпе сезiм өмiрi қызуы басылмайтын, алыстан көрiнгенмен еш өшпейтiн “мәңгiлiк отқа” айналды. Ұлы махаббат оттары қосыла жанырасады. Арман мен арман қосылады. Монолог үлгiсiнде көрiнiп отырған ақын сезiмi сенiмге айналып, сенiмi сезiмге ұласып, лирикалық толғаныс тамыры осылайша тармақты жатыр. Өлең шапшаңдық үдемелi жолмен өрiстейдi. "Менiң бассыз қалғандығым сенiң бассыз қалғандығың болмағай", деген сөз түйiнi толғаныс түрiнде ойлану, байыпты бағдарлау сипатын танытса, ең соңғы шумақтарға "Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, жер астынан қарап жатам мен саған" сөздерi арқылы ақын сезiмi шираған, ең жоғарғы нүктеге көтерiледi. Жалпы ақын барлық өлеңдерiнде осы үдемелi әдiстi қолданады.

Мысалы ортадағы:

Нұрлы үмiтпен оянар деп ұлы өлкем
Күлiп жайсаң күн ғажайып
Ел намысы тарқар деп
Ақымақтар күрт азайып
Сұмдар қорқақ тартар деп

Бұлар мағыналық жағынан бiрiне-бiрi толықтырып тұрған сөйлемдердiң дыбысталуы бiрдей. Тексте бiрыңғайластық туып тұр. Сандық жағынан сәл төмен мына бiр ыңғайлас сөйлемдер де өлеңде бiрдей дыбысталады. "Ертең оттыға отсыз күлмес деп, есектердiң мойынында жүрмес деп" Бұлар жоғарыдағы "тартар деп, тазарар деп" сияқтылардың бiр варияциясы. Дыбысталуы бөлек болғанымен мағына бiреу. Ал, соңғы шумақтағы "күн шыққанша", "түн шыққанша", "гүл шыққанша" дыбысталуы бiр болғанмен өзiнiң алдында тұрған шумақтардағы бiз келтiрген мағыналас сөздерге қарсы мәндес, яғни жоғарыдағы аталған барлық әдiлетсiздiктерге гүлдiң шығуын, күннiң шығуын қарсы қойып отыр. Сонымен қатар барлығын да уақыт көтередi, қашан болса да әдiлдiк келедi. Деген сенiм бар. Уақыттың ұлылығына бас ұру "Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша" деген соңғы жол соның бәрiнiң айғағы.

Дамыту үлгiсiндегi өлеңнiң соңғы жолы аса ұтымды шыққандықтан өлеңнiң тұтас тынысын айқындап тұр. Ең алдымен контексте бұл сөйлемнiң символдық мәнi айрықша рол атқарады. Халқының үлкен болашағын аңсаған ақынның жүрек жарды арманын аңғару қиын емес. Поэзияның көркемдiк тәсiл түрлерiн дамытуда, жаңалауда Шаханов батыл қадам жасап тұр. "Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, жер астынан қарап жатам мен саған". Оқыс және тың тiркестер, жаңа мәндi тiркестер, мағыналық жағынан да түрлiк жағынан да жұрт назарына найзағай отындай iлiктi.

Махамбеттiң оның күшiне түскен тегеурiк бүгiнгi ақындар арқылы осылай түледi. Өлеңде iшкi монолог үлгiсi басым. Ерлер iсiнiң қиындығы, болашағы бұлыңғыр бола тұра қайыспас жiгер, ақынның сенiмiн күшейтедi. Ақын бұл өлеңiнде аллергорияны да ұтымды қолданған. Мен сенемiн күнi ертең Пенделiктен тазарар деп ұлы өлкем. Осы және алдыңғы жолдардағы қулық, сұмдық, бақ, сор пенденiн. Мұнда жай ұғым түрiнде тұрған дерексiз нәрселер кәдiмгiдей көзге көрiнер деректi нәрсеге ауыстырылады. Жалпы өлең сюжетi – тұнып тұрған символ; бiр нәрсенi немесе құбылысты тура суреттемей ұқсас құбылысқа құпия келiп, жасыра түсiндiру, яғни өлеңге философиялық астар беру. Көне тарихи тақырыптарға қалам тартқан ақынның сөз қолданысында бiрқатар ерекшелiктердi ұшыратамыз

"Әке үкiмi" тарауы әке мен бала арасындағы диологта құрылған. Бұл бөлiмде негiзгi шарықтау қай астарлы күйде Махамбеттiң өлiмiмен аяқталады. Шиеленiс кезеңi баласының әкесiне батырды өлтiргенiн мақтан етiп айтуы.

-Ой, залым-ай.
Мұнша залым екенiңдi жүрген қалай танымай.
Бұл сөздер әкесiнiң эмоциясын бiлдiрiп бояулық реңiшке ие болған.
-Рас ұлым, айтылған сөз оқпен тең,
Мен кезiнде Махамбеттi жек көргем.
Айтылған сөз оқпен тең, ақын идиомалық тiркестi де қолданған.
Ерлер аз ғой бара алатын байыпқа
Тым кеш ұқтым, Махамбеттей батырға
Бүкiл қазақ ғашық болса айып па?!

Ақын өлеңнiң негiзгi идеясы ретiнде батырлық, әдiлеттiлiк, ақындық зор махаббатты ту етiп көтередi. Азаппенен өтсе дағы таңдарым Қайрағам жоқ қығаныштық қан жарық. Ақын метонимияны орынды қолдану арқылы iзгiлiктi, алыптықты қызғанышқа жеңдiрмеу керек деген ұғымды басты идея ретiнде ұстанған. Шаханов ақындық деңгейi философиялық, толғаныстармен ұштасқан ақын. Оның дүниетанымдық дәрежесiн мына бiр шумақтан-ақ байқауға болады. Жауап берiп жататын сан қылыққа, Бiр заңдылық жатыр сол жаңғырықта Иә, оған күмән жоқ, сондықтан да Басымды ием мәңгi сол заңдылыққа. Поэма ханның озбырлығынан бастау алған. Бұл жерде ақынды лирик десек те жарасымды; яғни екеуiне де негiз бар. Эпик деуiмiз өлеңдерi сюжетке құрылған, сонымен қатар лириканың да тiлегiн ағыта бiлген, адамды терең сезiм тұңғиығына тартып әкететiн, өлеңдегi барлық оқиғаны көз алдыңа тiрiдей бейнелеп берер шебер суреткер. Ақынның сөзбен сурет санар қасиетiн осы поэмасынан да байқаймыз. Тарихи тақырыптарды, аңыз-әңгiмелердi негiзге ала отырып жүретiң нәзiк қыл тамырларын тербеп оқиғаны көз алдыға елестету шеберлiгi-Шаханов поэзиясына ғана тән. 

Massaget