Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Үй тапсырмасы / Қазтуған жырау: "Қазтуғанның қонысымен қоштасуы"

Қазтуған жырау: "Қазтуғанның қонысымен қоштасуы"

Қазтуған жырау:

Қарға бойлы Қазтуған атанған әйгілі жорық жырауы, батыр – Қазтуған Сүйінішұлы XV ғасыр шамасында өмір сүрген. Қазтуған – ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы.

Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жырау негізін салған, көнеден келе жатқан толғау жанрының дамуына үлкен үлес қосты. Ол Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды.

С.Сейфуллин өзінің 1931 жылғы жинағында «Ноғайлар бытырағанда Қазтуған батырдың айтқаны» деген атпен «Арайна, билер, Арайна» деп басталатын жиырма шақты жолдай өлеңін жариялаған. Назарларыңызға жыраудың «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» жырын ұсынамыз.

Арайна,билер,арайна,
Арайна десем, болғай ма?!
Арайнасыз әр қайда
Ердің ісі оңғай ма?!
Арайна болған Қазтуған,
Қайғыланып сонда толғай ма?!

Ел қияға қонғай ма?
Еділ, Жайық арасы
Кеңшілік қоныс болғай ма?!
Ебей басты құба үлек
Ернімен шырпы шалғай ма?!
Бұл қоныста отырып,
Біздің мұсылман баласы
Жағасы босап тынғай ма?!

Еділді қоныс етпеңіз,
Жағалай қалмақ алады.
Жайықты қоныс етпеңіз,
Сыдыра біткен көкжиек,
Кәпірлер қала салады.
Аштарханды қоныс етпеңіз,
Шәһәрін оның алады.

Еділді алса - елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса - жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса - ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!
Кәпірден тендік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!

Адыра қалғыр көк Жайық,
Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған соң,
Кетпегей еді ырысым.
Таудағы тарлан бөрі едім,
Тарылған сынды тынысым.
Кейінгі өскен жас бала,
Ақ балтырын түрініп,
Басарына ерініп,
Көкірегі күйініп,
Тек тірлікке сүйініп,
Ықтиярсыз жүгіріп,
Аузы түкті кәпірдің
Етпегей еді жұмысын!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Екеу-екеу сөйлесіп,
Біздің кейінгі өскен жас бала
Аузы түкті кәпірдің
Соқпаса екен пайдасын!

Буыршынның жалғыз қырқар азуы,
Бөкеннің желіп өтер төрт саны,
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы,
Айдаса - қойдың көсемі,
Сөйлесе - тілдің шешені,
Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,
Күз жіберіп, жаз мінген,
Жазаласа - екі жылда бір мінген,
Жолдасын жолай іздеген,
Өзіне тиген дұшпанын
Қарт бурадай тіздеген -
Мен - Қарғабойлы Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы-қазақ елімнен!

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: wikipedia.org
Қосылған күні: 20 тамыз, 11:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.