Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Үй тапсырмасы / Ілияс Жансүгіровтің табиғатты суреттеудегі шеберлігі

Ілияс Жансүгіровтің табиғатты суреттеудегі шеберлігі

Ілияс Жансүгіровтің табиғатты суреттеудегі шеберлігі

Ілияс Жансүгіровтің тілі – көркем тіл. «Жетісу суреттерінен» оның шеберлігін көруге болады. Сөз саптау, образды бейнелеу, заттардың түсі мен құбылыстардың сынын дәл суреттей алған. Соның бір дәлелі ретінде мына бір-екі өлеңіне талдау жасап көрейік.

Бұлт
Түнгі жаймен жуынып, (7 буын)
Көгілдір көк күлімдер, (7 буын)
Шөгіп шоқ-шоқ тұман, бұлт, (7 буын)
Шоқы сүйіп, дірілдер. (7 буын)
Көк мұнарлы белбеуін (7 буын)
Алып тау бел буына; (7 буын)
Сәлем беріп бұлт керуен, (7 буын)
Таңда тауға жығыла. (7 буын)
Қабағы мұз, суық шал (7 буын)
Қолын алып, қас қаға. (7 буын)
Желде, құзда несі бар, (7 буын)
Қалғыды тас жастана. (7 буын)
Бұлт – бөбек, тау – ана, (6 буын)
Ана төсін аймалай, (7 буын)
Ұйықтай тұрсын ол бала, (8 буын)
Шыққанынша жел қалай. (7 буын)

Ақын бұл өлеңінде табиғатқа жан бітіргендей жырлайды. Көк аспанның түнгі найзағайлы жауынға жуынып, күлімдеп тұрғанын әсерлі жеткізеді. Тұман, бұлттар бара-бара сейілгенін, тыныш жатқан табиғатты қорқытпау үшін шөге бастағандай. Алып тауды да көк мұнарын белбеу етіп буынып жатқандай бейнеледі. Ақын бұлтты керуенге балап, сәлем беріп, таудан асқанын да, шыңын мұз басқан тауды ақсақалға балап сәлем берген бұлттың қолын алғанын да шебер суреттейді. Ештеңеде шаруасы жоқ тастың өзін ерекше суреттейді. Соңғы шумағында бұлтты бөбекке, ал тауды анаға балайды. Оның да сыры бар. Ана баласын тербетіп ұйықтатқандай, бұлтты да «ұйықтатады». Жел тұрғанда бұлтты қуып, жауын жауғызуы мүмкін ғой. Ал ақын осы тұсты бөбек жыламасын деген идеямен «Ұйықтай тұрсын ол бала» деп бейнелейді. Автор бұл өлеңді жазуда үлкен шеберлік танытқан. Көркемдік образды кейіптеумен береді. Жалпы өлең 7-8 буынға, шалыс ұйқасқа негізделген. «Түнгі жай», «көгілдір көк», «шоқ-шоқ тұман», «көк мұнарлы белбеу», «алып тау» деген эпитеттер өлеңге өң беріп тұр. «Бұлт – керуен», «қабағы мұз, суық шал», «бұлт – бөбек», «тау – ана» деген метафоралар табиғатты өзге бір затқа не құбылысқа балап, көркемдік ерекшелігін танытып тұр. Ал:
Шөгіп шоқ-шоқ тұман, бұлт, 
Шоқы сүйіп, дірілдер, – 
дегенде «ш» дыбысының және:
Қабағы мұз, суық шал
Қолын алып, қас қаға, –
дегенде «қ» дыбысының аллитерациялық құбылысқа түсуі де өлең құрылысына сай.

Тас
Көгілдір, мөлдір көк аспан – (8 буын)
Көлеңке, сәуле ойнағы. (8 буын)
Ойнаса онда жылпың жел, (8 буын)
Жыртылад шарбы, қаймағы. (8 буын)
Жел қуалау, бұлт қашу – (7 буын)
Жігіт-қыз айтса, тойдағы. (8 буын)
Көк күмбезде күнде ойнақ, (8 буын)
Ойнады да қоймады. (7 буын)
Бұлт бір мезгіл бұрқырап, (7 буын)
Астарлады аспанды. (7 буын)
Асқарға соққан асқақ жел, (8 буын)
Тас сүзді де жасқанды. (7 буын)
Нөпір нөсер шүмектеп, (7 буын)
Жасылдан жалтыл басталды. (8 буын)
Балбыраса да барлық зат, (8 буын)
Тас күйінде тас қалды. (7 буын)
Ақын бұл өлеңінде тастың өзге заттардан ерекшелігін сынайды. Жауын жауған даланың суретін дәл береді. Көк аспанның тұнықтығы, жел тұрып, бұлттың аспанды торлауы, жаңбырдың жаууы, найзағайдың ойнауы реттілікпен суреттеледі. Ең қызығы, ен дала жауын суына балбырап жатыр, бірақ, тас қана қалпын сақтап қалғаны. Бір оқығаннан ақынның сезімталдылығын көруге болады. өзгелер байқай бермейтін құбылысты ақын ғана сезінгендей. Автор «көгілдір, мөлдір көк аспан», «жылпың жел», «көк күмбез», «асқақ жел» секілді эпитеттерді қолдана отырып, табиғаттың сұлулығын жеткізеді. «Бұлт бұрқырап, аспанды астарлады» деп кейіптеумен беруі де өлеңге өң бере түседі. Ал 
Көгілдір, мөлдір көк аспан – 
Көлеңке, сәуле ойнағы...
... Жыртылад шарбы, қаймағы. 
Жел қуалау, бұлт қашу – 
Жігіт-қыз айтса, тойдағы, – деген жолдардың «к» және «ж» дыбысынан басталып, аллитерациялық құбылысқа бағынады. 

Жалпы, Ілиястың өлеңдеріндегі сурет қанық түспен боялған. Табиғаттың жансыз құбылысын адамның қимыл-қозғалысына теліп беру асқан шеберлікті талап етеді. Демек, Ілиястың тілі – шебер тіл.

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: theslowforget.files.wordpress.com
Қосылған күні: 12 тамыз 2015, 11:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.