Мұхтар Шахановтың өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі

Мұхтар Шахановтың өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі

Мұхтар Шахановтың поэзиясындағы өзгешеліктердің бірі – ол – өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі. Ол айтары бөлек, үлгісі өзгеше, мақамы басқа туындыларды кеңінен жазып, қалың оқырмандарына отты жырларын ұсынды. Қай өлеңін алсаңыз да, үнмен жазылып, екпінмен оқылатын тың дүниелер. Бүгінгі жазбамызда ақын өлеңдеріндегі құрылымдық ерекшеліктерге тоқталамыз. 

«Арифметикадан басталған өлең» атты өлеңі 11 буынға негізделген болса, әр шумағы әртүрлі ұйқасқа ие. Мысалы, алғашқы шумағы егіз ұйқасқа, ал одан кейінгісі қара өлең ұйқасқа құрылған. 
/Бірге бірді/ /қосқанда/ /не болады/ 11 б
/Онда өмірден/ /бойдақтар/ /жоғалады/ 11 б
/Алдында/ /тұрған шақта/ /асу белең/ 11 б
/Қандай жақсы/ /мақсатты/ /қосу деген/ 11 б
/Өседі адам/ /қияға/ /қарап тұрып/ 11 б
/Қалықтайды/ /қиялын/ /қанат қылып/ 11 б
/Жалғыз өткен/ /күндерден/ /жалығады ол/ 11 б
/Сенімінің/ /жеңісін/ /санап тұрып/ 11 б

«Рух пен тіл» өлеңі ше? Бұл өлеңнің мына шумағына талдау жасасақ, 15 буыннан құралған, егіз ұйқасқа негізделген. 
/Табиғаттың/ /өзгермейтін/ /заңына бұр/ /бетіңді/ 15 б
/Қай кезде де/ /туған тілің/ /туған анаң/ /секілді/ 15 б
/Бабалардың/ /арманы бар/ /мына қызыл/ /гүлдерде/ 15 б
/Олар елін/ /тілін қорғап/ /жанын қиған/ /бұл жерде/ 15 б

«Төрт ана» туындысы өзге өлеңдеріне қарағанда ерекше. Төмендегідей көріп отырғандарыңыздай, буын саны әртүрлі. Әдетте, бұны, екпінге қарай бөліп ажыратамыз. 
/Көкірегімде/ /төрт сәуле бар/ /төрт бақыттан/ /тұратын/ 15 б
/Төртеу/ /менің мұратым/ 7 б
/Төртеуінен/ /алма-кезек/ /нұр алам/ 11 б
/Біріншісі/ /туған елім/ /ұлы анам/ 11 б
/Екіншісі/ /ғазиз анам/ /саулығымды сұраған/ 15 б 
/Бірақ маған/ /екеуі де/ /бір адам/ 11 б

«Жігіттің екі сипаты» атты өлеңінің құрылысы да ерекше. Осы күнгі ерікті ұйқас арқылы жасалып, түрлі буыннан құралған.
/Кім/ /қайратты/ 4 б
/Кім кімге/ /асқар тұлға/ 6 б
/Мүмкін бе екен/ /тағдырдан/ /бас тартуға/ 11 б
/Неткен ғажап/ 4 б
/Биіктен/ /құлаған тас/ 7 б
/Сынғанымен/ /қалады/ /тас қалпында/ 11 б
/Құзар шыңда/ 4 б
/Ойпаңда/ 3 б
/Бұралаңда/ 4 б
/Талайларды/ /сын күтіп/ /тұрады алда/ 11 б
/Быт-шыт болып/ /кетпей ме/ //қам кесектер/ 11 б
/Кіп-кішкентай/ /жырадан/ /құлағанда/ 11 б

«Сенім патшалығы» өлеңі де жоғарыдағыдай сарынмен жазылған. 
/Бірдей төзіп/ /ыстыққа да/ 8 б
/Салқынға/ 3 б
/Жер астында/ /жатпай ма алтын /көзден таса/ /қалпында/ 15 б
/Қашан қазып/ /алғанша/ /күтетін/ 10 б
/Шындық кейде/ /ұқсайды сол/ /алтынға/ 11 б
/Сен ақынсың/ /өніп шыққан/ /ертеңге/ 11 б 
/Қандай өрсі/ /ұсынасың/ /ертеңге/ 11 б
/Қандай жеміс/ /ұсынасың/ /ертеңге/ 11 б
/Ойлан/ /ойлан/ 4 б
/Әділеттің қылышы/ 7 б
/Енді сенің/ /желкеңде/ 7 б
/Енді сенің/ /желкеңде/ 7 б

Сурет: kitap.radikal.com.tr 

Е. Жұмабайұлы