Алматы – әсем қала

Алматы – әсем қала

"Құлай сүйіп өміріммен, өлеңмен,
Сені Алматы – ару дейді ел,
Сенем мен" – деп ақындар жырына арқау еткен әсем қала, ару қала – Алматы жайлы тебіренбейтін адам кемде-кем шығар.

Іле Алатауының солтүстік бөктерінен орын тепкен көрікті мекеннің тарихына көз жүгіртсек, талай қилы кезеңдерді басынан өткізген. Жібек жолының негізгі сауда орталығының бірі болуы – өз алдына жеке әңгіме. Әлем сүйсінген Алматының апорты қаланың символына айналғалы қай заман.

Қарт Алатаудың еркесіндей құлпырған Алматы күн өткен сайын гүлденіп, апта сайын түрлене түсуде. Салтанаты сән құрған биік сарайлар көз сүйсіндіреді. Тау басынан сұлудың бұрымындай өрілген өзендердің құлаққа жағымды сылдыры көңіл сарайыңды аша түседі. Шың басынан орын тепкен үлкен Алматы көлі сұлу қыздың айнасында сәуле шашып, маңайын нұрға бөлейді. Мұның барлығы Алматының сұлулығын аша түсетін негізгі детальдары ғана. Ондай көрікті жерлерді санамаласаң қос қолдың саусағы жетпесі анық.

Топырағына табанын тіреген кез келген адам Алматының табиғи сұлулығына тамсанып, таңдай қағады. Бауырынан жыраққа кеткен адам қайта айналып келуге асығып, сағыныш жетегінде жүреді. Ол нулы орманы, биік тауы, мөлдір суы, табиғи сұлулығымен үйлесім тапқан қаланың ерекшелігі. Бұл сұлулықты қорғау, ару қаланы аялау бәріміздің міндетіміз, азаматтық борышымыз деп білемін.

Көрікті мекен киелім
Алматым сені сүйемін!

P.S Алматы күні құтты болсын!

Ержанқызы Ұлбибі
ЖББ №112 мектептің 10-сынып оқушысы

Пән мұғалімі:Түсен Сандуғаш
 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді