Эссе. Біздің қаладағы театр

Эссе. Біздің қаладағы театр
Фото: ztb.kz

Театр – мәдениет ошағы, өнер ұйытқысы. Елдің мәдениетін театрына қарап тануға болады.

Қазақстанда қазіргі уақытта елуден аса театр бар. Тәуелсіздік алғаннан бері елде 20-ға жуық театр ашылған екен.

Театрлар республикалық, облыстық және қалалық деңгейде болады. Республикалық театрлардың саны – 10. Ол «Астана Опера» – Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Мұхтар Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Михаил Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық қазақ театры, Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театры, Мемлекеттік республикалық кәріс музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры, ҚР Мемлекеттік академиялық би театры.

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ және орыс драма, музыка театрлары өз қызметтерін белсенді түрде атқаруда.

Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Арқалық, Қарағанды, Қостанай, Петропавловск, Теміртау, Шымкент қалаларында балалар мен жасөспірімдерге арналған театрлар даму үстінде.

Театр өнері – көне заманнан бері келе жатқан өміршең өнер. Кез келген елдің, өңірдің өз театры, өз көрермені болады.

Менің қаламда да театр бар. Драма театрдың құрамында жастар театры құрылған. Олар балалар мен жасөспірімдерге, заманауи жастарға қойылым сахналайды. Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының ерекшелігі де сол – қазақ, орыс және жастар театры бір шаңырақ астында еңбек етуде.

Сондықтан қалаған қойылымыңды көруге мүмкіндігің бар. Орыс тілінде, қазақ тілінде спектакльдер қойылады. Мен қазақ драма театрына барғанды ұнатамыз. Әсірісе, тарихи қойылымдарды көргенді ұнатамын.

Театр шығыс өңірінің түкпір-түкпіріне, шет жатқан ауылдарына дейін гастрольдік іс-шарамен барады. Ауыл халқы қуана қарсы алады. Халықтың өнерге сусып қалғаны байқалып тұрады. Балаларға ертегілер, үлкендерге сахналық қойылымдар қояды. Театр халық үшін ашылғандықтан, халыққа қызмет ету – театрдың міндеті.

Қ. Слямбек