Менің арманым – Нұрсұлтан атадай Президент болу

Менің арманым – Нұрсұлтан атадай Президент болу

Біріңді қазақ – бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос

Абай

Мен үшін ең керемет, үлгілі адам – Нұрсұлтан ата. Ұлтын сүйетін, намысы күшті адам өзіне де, ұлтына да, сөз келтірмейді. Елбасымыз ырысты – еңбектен, игілікті – ілімнен іздеген адам ғой. Елін сүйген ердің өмірі – халқының өмірі, - дегендей Нұрсұлтан ата бүгінде халқының қалаулысы, ел тірегі. Елбасының бейбітсүйгіштігіне, тыныш өмір қалауына, айқын саясатына қатты ризамын. Менің арманым – Нұрсұлтан атадай Президент болу. Қазақстандай дамыған мемлекеттің көшбасшысы болуды әр бала армандайды ғой. Жақсы оқысам жақсы азамат болам, - деп ойлаймын. "Арман - алдамайды, мақсат – адастырмайды", - дейді ұстазым. Сол себепті мектепті үздік оқимын деп шештім. Бәрінен де озат болып жүрген Елбасын құрметтеймін, барлық жасаған жасампаз ісін бағалаймын. Оның ішінде көрікті әсем Астана сыйлағанына, талпынған білімді жастарға ақысыз жоғарғы оқуларды қарастырғанына, оқимын деген балаға жаңа, үлкен мектеп ашқанына дән ризамын. Осындай Президентіміз болғанына біз қуанамыз. Елбасымыз аман, бейбіт күніміз мәңгілік болсын!

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

№2 мектеп-гимназиясының 3«б» сынып оқушысы

Бердібай Мадияр

Сурет: aikyn.kz

Оқи отырыңыз:

Мен Отанымды жақсы көремін

Мейірімділік – асыл қасиет

Атам мен әжеме алғысым шексіз

Қазақ тілі туралы шығарма

Ж. Исакаев