Мен Отанымды жақсы көремін

Мен Отанымды жақсы көремін

Отан оттан да ыстық демекші, менің де сүйікті Отаным бар. Ол – Қазақстан Республикасы. Мен қазақпын және қазақтығыммен мақтанамын. Ата-бабаларымыздың, ел басына күн туғанда тағдырын шүберекке түйген батырларымыздың алып берген жері Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейін созылып жатыр. Осындай қасиетті мекенде, керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған елде өмір сүру – халқымыздың басына бұйырған бақ. Мен елімді, жерімді, туымды қастерлеймін. Қаншама ел жерсіз, тусыз жүр. Бабаларымыздың арқасында келген егеменді Қазақстанның Қызылордасы күрішке, Қарағандысы көмірге, Теміртауы түрлі түсті металға, Атырауы мұнайға, Қостанайы егінге бай. Қаншама жер асты байлықтары, көлдері, таулары бар.

Мемлекеттік рәміздеріміз, ұлттық теңгеміз, Ата заңымыз және Сарыарқаның кең-байтақ даласында бүкіл елді өзінің бірнеше жылдар ішінде жылдам көркеюімен таңқалдырып жаңа астанамыз дүниеге келді.

Астана – әсем қала. Астана – бас қала. Астана – қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің, еліміздің егемендігін көрсеткен көк тудың ордасы болып табылатын жас қала. Ол жерде биіктігі 97 метрді құрайтын көркем бәйтерек орналасқан.

Біз қазақ неткен мықты елміз, бұлай деуімнің себебі: Ертеде Наурызбай, Қабанбай, Бөгенбай, Махамбет, Исатай, Абылайлар қазақ елін сақтап қалды. Ал Мұстафа Шоқай мен Әлихан, Қайрат, Ләззат сынды аға-әпкелеріміз елге тәуелсіздік әкелді. Ендігі көркейген елде өмір сүріп жүрген олимпиада жүлдегерлері Қазақстанымызды бүкіл әлемге танытып жүр.
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз, - дейді Қазбек би. Бұл өлең жолдарынан қазақ халқының қандай екенін түсініп, өзіндік ой қорытуға болады.

Сурет:balapan.kaztrk.kz

Қ. Бүйенбай