Бала кезден мазалаған сұрақтардың жауабы

Бала кезден мазалаған сұрақтардың жауабы
Фото: pixabay.com

Кішкене кезімізде миымыз сансыз сұраққа толы болады. Ол шақта қазіргідей смартфонымызды ала сап, сұрағымыздың жауабын таба қоюды білмейміз. Үлкендерге қойған сауалымыздың жауапсыз қалғаны қаншама. Осылай өсе келе санадағы жауапсыз сұрақтарымыз не ұмытылып қалады, не оның жауабын арнайы іздеуді құнттамаймыз. Біз сіздерге бүгін сондай бірқатар сұрақтың жауабын ұсынамыз.

Қанды неге «шылдыр шүмек» саусақтан алады?
Бас бармақ пен шынашақты алар болсақ, олар қолдың білегімен тікелей байланысты. Егер сәл инфекция түсер болса, бұл қолдың басқа бөліктеріне бірден таралады. Ал ортадағы үш саусақтың ішінде осы «шылдыр шүмек» қалған екеуіне қарағанда аса ауырмайды, оның терісі жіңішкерек.

А4 қағазының көлеміне А әрпі мен 4 санының қандай қатысы бар?
Осыдан жүз жылдай бұрын қағаздардың ешқандай стандарт болған жоқ. Барлығы 20-жылдың басында неміс инженері Вальтер Порстман қағазға арнайы стандартты өлшем ұсынуынан басталды. Қағаз алаңының 1 шаршы метрі басты негізге алынды. Оған алфавиттің бірінші әрпі А және алғашқы 0 цифрі берілді, атауы – А0 боп шықты. Реттілікті сақтай отырып, осыны ортасынан тең төртке бөлсек, қазіргі көп таралған өлшем А4 шығады.

Неге баспалдақтың жиегіне ғана бояу жағылады?
Бұл – Кеңес заманынан бері келе жатқан қағида. Ол кезеңде көбінесе баспалдаққа кілем төсеніш жаятын болған. Сондықтан сатыны толықтай бояудың еш қажеттілігі болмады. Ал қазір бұл жай ғана сол кезден әдет болып қалған.

@. @assel_assanova