1-сыныпқа әліппе қайтарылады

1-сыныпқа әліппе қайтарылады
Фото: turkystan.kz

Тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бағдарламасынан алынып тасталған әліппе 2021 жылы қайта енгізілетінін мәлімдеді.

"Әліппе мәселесін көптен бері ұстаздарымыз, ата-аналар көтеріп жүр. Бұл мәселе маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізіледі. Біз қазір осыған байланысты жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді министр.

Министр әліппенің бірнеше нұсқасы қарастырылғанын, бірақ баспалардың "қисынсыз" нұсқаларынан соң Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесіне тоқталғанын айтты.

"Ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын". Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы мәлімдемелері 

"Бір баспа 11 дауыссыз, 11 дауысты дыбыс бар әліппені әкеледі. Енді бір баспа 4 дауыссыз, 4 дауысты дыбыс бар әліппені ұсынады. Неге олай екенін сұрағанда ешкім нақты жауап бере алмайды. Әліппе эксперимент жасайтын нәрсе емес. Нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз", - деді Аймағамбетов.

Тамыз конференциясы барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың мәртебесі, білім сапасы, ағылшын тілінің 2-3 сыныптардан бастап оқытылуы сынды тақырыпта мәлімдеме жасады.

Massaget