Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / "Ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын". Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы мәлімдемелері

"Ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын". Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы мәлімдемелері

Тәуелсіздік сарайында білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясы өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын дәстүрлі шараға алғаш рет Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, білім саласына қатысты мәлімдемелер жасады. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам ұстаз қатысуда. Олардың қатарында мектеп, колледж бен жоғары оқу орындарының оқытушыларымен қатар ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар.

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыға салынып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Сондай-ақ конференцияда үздік ұстаздар марапатталды.

Мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет

"Сіздер еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез" деп ұлы Абай айтқандай ұстаз әрқашан білім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі іс. Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір ұлттың құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген халқымыз ұстазсыз адам болмайды, бәріміз де кезінде мұғалімнің тәрбиесін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет".

"Мағжан Жұмабаев "Педагогика" еңбегінде әрбір тәрбиеші баланы ұлттық дәстүрмен тәрбиелеуге міндетті дейді. Ұлттық құндылыққа тамыры терең, діңі берек болады. Ата-баба аманат еткен ұлан-ғайыр даланы аман сақтау ең алдымен жас буынға артылатын үміт. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздік туын әрқашан жоғары ұстауы тиіс. Қазір жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгеріс әкеледі. Адам капиталына білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды. Масылдық қоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс. Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай іргелі жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі міндеті".

Ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын

"Педагогтардың мәртебесін көтеру үшін төрт жыл ішінде ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын. Мен заң және сәйкес шаралардың қабылдануы мұғалімдердің өмірін барынша өзгертеді деп ойлаймын. Үкіметтің міндеті – барлық қабылданған нормалардың тәжірибе жүзінде іске асуын қамтамасыз ету.

Педагогтар мәртебесін арттыру шынында маңызды. Біздің қазір айтып отырғанымыздың бәрі де тікелей мұғалімдерге байланысты. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогтарымыздың жоғары мәртебесіне іс жүзінде жетуіміз қажет. "Педагогтар мәртебесі туралы" заң жобасында қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Бұл дегеніміз – мұғалімдердің жүктемесін азайту, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау және материалдық кепілдіктер. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – сыныпқа жетекшілік еткені және дәптерлерді тексергені үшін екі есе мөлшерде қосымша ақы төлеу, барлық педагогтардың еңбек демалысын 56 күнге дейін ұзарту, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы және тағы басқалар".

Ағылшын тілін 2-3-сыныптардан бастап оқыту орынды

"Үш тілде білім беру жүйесін енгізу күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл өте маңызды. "Әрбір халықтың ана тілі – білімнің кілті", - дейді академик Ахмет Жұбанов. Сол сөз біз үшін негізгі ұстанымға айналуы тиіс".

"Бұл ретте ғылыми жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының қаржылық мүмкіндіктеріне қарай, оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды, үш тілдің, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан ағылшын тілін оқытуды 2-ші, 3-сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын. Ал жоғары сыныптарда жаратылыстану, техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарай жүргізу қажет".

1-сыныпқа әліппе қайтарылады 

Білім беру жүйесі жаңа реалияларға тез бейімделуді қажет етеді

"Бүгінде IT мен биотехнология саласындағы революция адамзатты өзгертіп жатыр. Сол себепті білім беру жүйесі жаңа реалияларға тез бейімделуді қажет етеді. Әлемдегі жетекші мектептер балалардың креативті потенциалын дамытумен айналысады, цифрлық технологиялар мен нақты ғылымдарды оқытады. Педагогтар оқыту әдістемесін ойын форматына ауыстырып, жаңа үнемі мамандықтар мен дағдыларды ізденеді. Бәріміз Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыруға ұмтыламыз. Бұған жетудің кілті – сапалы және қолжетімді, қазіргі заманғы білім. Осы салаға қуатты күш беру маңызды болып отыр".

Облыс мектептеріне үздік менеджерлер мен педагог мамандарды тарту керек

"Ауылды елді мекендердегі көптеген шағын мектептерде бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беруге мәжбүр. Бұл жерде қандай білім сапасы туралы айтуға болады?! Өңір әкімдеріне облыс мектептеріне үздік менеджерлер мен педагог мамандарды тарту үшін гранттардың бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын".

Тәрбиешілер мемлекеттік, жалпыға міндетті стандарттың талаптарын әрдайым ұстана бермейді

"Барлық білім беру мекемелерінде, оның ішінде жекеменшік білім орындарында, мемлекеттік емес мектепке дейінгі шағын ұйымдарда тәрбиелеу – білім беру процесі жоқтың қасы деуге болады. Тәрбиешілер мемлекеттік, жалпыға міндетті стандарттың талаптарын әрдайым ұстана бермейді. Біз бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарынан балаларды ұрып-соғу, оларды нашар жағдайда ұстау туралы сұмдық оқиғалар жайлы жиі естиміз".

Білім сапасын арттырмай, гранттар санын көбейту жақсылыққа әкелмейді

"Әр ата-ана балаларының жоғары білім алғанын қалайды. Бұл орынды тілек. Дегенмен бүгінгі кездегі одан да өзекті мәселе – болашақ түлектің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы. Бұл үшін жоғары оқу орындарын сапалы біліммен қамтамасыз ету қажет. Оқу үрдісінің сапасын арттырмай, білім гранттарының санын көбейту жақсылыққа емес, жаман нәтижеге алып келуі мүмкін. Сондықтан жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздеп жүріп, оның девальвациясына жол бермеу керек".

Балаларға экологиялық сананы сіңдіру, тұрмыстық тазалық, гигиена мәдениетін тарату, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінуді үйрету қажет

"Тәрбие сапалы білімнің негізгі арқауы, діңгегі. Әл-Фарабидің "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы" деген сөзі барша білім саласы қызметкерлерінің бой түзер бағдары болуы тиіс. Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар, мемлекеттің озық инновацияларға сай өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет".

"Кең ауқымда өтіп жатқан "Бірге – таза Қазақстан" экологиялық акциясының дәл осындай бағыттары өте қажетті дұрыс бастама деп санаймын. Мұндай шараларға әрқашан қолдау көрсете береміз. Балаларға экологиялық сананы сіңдіру, тұрмыстық тазалық, гигиена мәдениетін тарату, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінуді үйрету қажет".

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Фото: Артём Чурсинов/baq.kz
Қосылған күні: 16 тамыз, 12:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.