Массагет порталы ұстаздар мерекесімен құттықтайды

Массагет порталы ұстаздар мерекесімен құттықтайды
Фото: massaget.kz

Жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын ұстаздар мерекесінің еліміз үшін орны ерекше. Себебі егемен еліміздің ертеңгі келешегі үшін жауап беретін жастарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын ұлағатты ұстаздар. 

Алтын ұядан баптап құс ұшыру бағытында жүрер жолдарыңыз ұзақ, шығар тауларыңыз биік, көрер қызықтарыңыз мол болғай деп тілек арнаймыз. Әр шәкіртіңіз Қазақстан үшін ерінбей еңбек етіп, аянбай тер төгетін азамат болып өскей. Барлығы да күн сайын жаңа идеяның жаршысы болып, мемлекетке орасан пайдасын тигізетін жаңалықтар ашып, сіздердің мерейлеріңізді үстем ете берсін. 

Бүгінгі бала – ертеңгі айтулы азамат. Ел басқаратын тұлғаны да, өздеріңіз секілді бала оқытатын ұлы ұстазды да, адам жанын ажалдан арашалайтын ақ халатты адал жанды да, айға ұшып аспан әлемін зерттейтін ғарышкерді де білім нәрімен сусындатып, ғылым жолына түсіретін де бір өздеріңіз. Сіздердің жай күнде айтқан қарапайым сөздеріңіз олардың жадында мәңгілікке ұмытылмай сақталуы мүмкін. Сол себептен әр ойларыңыз, пікірлеріңіз, іс-әрекеттеріңіз балалардың тұлға болып қалыптасу жолында өте маңызды рольге ие. Сіздер де өздеріңізді жетілдіруді тоқтатпағайсыздар!

@. @assel_assanova