1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
Фото: massaget.kz

Бүгін 1 қыркүйек біздің еліміз ғана емес, көптеген мемлекет үшін маңызы зор мереке – Білім күні. Бұл мерекенің жылдан жылға мәні артып келеді десек артық айтқандық емес. Себебі оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктің, жаңа белестің бастауы болса, басшылық үшін тың тәжірибе енгізуі басталатын кезең.

Елбасымыз әрдайым «білекке емес, білімге сенетін заман» келгенін айтып, болашақ жастардың қолында екенін ескеріп келеді. Соған орай дамушы елден дамыған елдер қатарына ену үшін жас жеткіншектеріміз заман сұранысына сай жаңа талаптармен білім алуы үшін жыл сайын оқу жүйесіне өзгерістер енгізіп, үздіксіз тәжірибелер жүргізіп келеді. Оң нәтижесін көрсетіп үлгерген тәсілдер де аз емес.

Оқушыларды бүгінгі білім күнімен құттықтай отырып, жаңа жүйеге тез де жеңіл бейімделуін, жаңаны жақсы жағынан қабылдай білетін қоғамға сай азамат боп өсуіне тілектестік білдіреміз. Өмірде ешнәрсеге «маған керегі жоқ» деп қарамай, ұстаз айтқан әр сөзді саналарыңызға мұқият құйып алыңыздар. Әр ілімді тереңінен игерерлік зейіндеріңіз ашылсын дейміз. Үш ай демалып, күш-қуат жинап келдіңіздер, енді оқуға бар ынталарыңызбен кіріскейсіздер. Себебі болашақ бүгіннен басталады. Бәрі сіздердің таным көкжиектеріңіз кең болуына байланысты.

Сайтымыз сүйікті оқырмандарына зор сенім білдіреді! Іске сәт!

@. @assel_assanova