Әлемдегі ең керемет 4 мектеп

Әлемдегі ең керемет 4 мектеп
Фото: mel.fm

Мектеп әр елде бар. Олардың білім жүйесі, сабақ өту барысы әртүрлі. Әр елдің өзіне сай оқыту әдісі мен әдістемесі бар. Сол секілді әлемде түрлі мектептің өздеріне тән ерекшеліктері бар. Бүгін сіздерге әлемдегі ең керемет 4 мектеп туралы айтамыз.

Orestad Gymnasium

Данияның, Копенгаген қаласында орналасқан бұл мектеп журналист боламын дейтін оқушыларға арналған. 2007 жылдан бері мектептің ішкі құрылысы әлемдегі ең әдемі мектептердің үздік бестігіне енеді. Аталған мектеп ұлттық білім беру саласының негізінде құрылған. Мектептің ішкі және сыртқы құрылыс жобасымен даттық 3XN Architecs компаниясы айналысқан.

Marcel Sembat High School

Францияның Соттевиль-ле-Руан қаласында орналасқан. Бұл мектептің ерекшелігі суреттен көріп тұрғандай жасыл алқаппен көмкерілген. Себебі мұнда әлсіз әрі денсаулығы сыр беретін оқушылар білім алады. Олардың тыныс алуы үшін демекпелері ұстап қалмауы үшін арнайы жасалған білім ордасы. Мектептің құрылысы алты бөліктен тұрады. Әр бөліктің өзіне тән ерекшеліктері бар. 

Green School 

Индонезияның Бали қаласына барып жатсаңыз, бұл мектептке міндетті түрде барыңыз. Себебі мектеп экология үшін алаңдайтын оқушыларға арналған.

Мектеп табиғат аясында бамбук ағаштарынан салынған. Балалар мектеп қабырғасында емес, табиғатта серуендеп жүргендей болады. Мұнда баланы күштеп оқыту жоқ. Өз еркіңізде. Ең қызығы оқу-құралдан басқа барлық керек дүниелер бамбук ағаштарынан жасалған.

Vittra Telefonplan

Швеция, Стокгольм қаласында орын тепкен. Бұл мектеп кішкентай даншыпандарға арнайы салынған мектеп. Швецияның Rosan Bosch агенттігінің арнайы жобасымен салынған. Байқап тұрғандарыңыздай ішкі және сыртқы құрылысындағы дизайнерлік ерекшелік түстердің қанық әрі ашық болуында. Бұл жерде негізінен бала күнінен қабілеті бар, арнайы дайындықты қажет етпейтін оқушылар білім алады.

М. Ақан