Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындары

Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындары
Фото: www.kaznu.kz

Бітіруші түлектер арасында қазір үлкен талдау жүріп жатыр. Бірі «ҰБТ қалай болар екен» десе, бірі «қай ЖОО-на түссем екен» деп армандап жүр. Тіпті ата-аналары алыстағы баласының қолын жетектеп қалаға келді. Үлкен қалалардағы университет қабырғаларында қазір толып жүрген оқушылар мен ата-аналар. Бәрі болашақ студент атанатын балаларының оқу орындарын көріп, біліп сараптама жасап жүр. Біз сізге сабылып алысқа бармай, университеттерді қалай таңдауға болатыны туралы ақпарат береміз. Үйде отырып оқып шығыңыз.

Қазақстандағы ең беделді көпсалалы университеттер:

1. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

3М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

4. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

5. С.Торғайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

6. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

7. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай  мемлекеттік университеті

8. С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті

9. Х.А. Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті

10. Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қазақстандағы ең беделді техникалық университеттер

1. Қазақ-Британ  техникалық университеті

2. Қарағанды техникалық университеті

3. Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

4. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Қазақстандағы ең беделді медициналық университеттер

1. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

2. Семей қаласындағы мемлекеттік медицина университеті

3. Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы

Қазақстандағы ең беделді педагогикалық университеттер

1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

2. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

3. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

4. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

5. Тараз  мемлекеттік педагогикалық университеті

М. Ақан