«Мейірімділік шуағы»: балалар – лагерьде

«Мейірімділік шуағы»: балалар – лагерьде
Фото: «Болашақ» Қауымдастығы

Алматыда «Мейірімділік шуағы» жобасы аясында Алматы қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жазғы сауықтыру лагерлерінде демалыс ұйымдастырылды.

Жазғы демалыста «Болашақ» Қауымдастығы Kazakhstan International School, «Спутник» және «Тау Күні» балаларды сауықтыру орталықтарының қолдауымен Алматы облыстық жəне қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне демалысқа және ағылшын тілін меңгеруге арналған курстарға жолдамалар тарту етті.

Балалар жазғы сауықтыру лагерьлерінде тәжірибелі оқытушылар және тәлімгерлердің жетекшілігімен табиғат аясында әлемді таныды, өз бетімен шешім табуды үйреніп, өздерін жаңа әрі қызықты қырынан байқап көрді, сонымен қатар арнайы шынықтыратын ойындарға, конкурстарға, спорттық жарыстарға қатысып, түрлі сапарларға шықты.

Балаларға ұсынылған бағдарламалар аясында өткізілген мәдени, ойын-сауық және сауықтыру іс-шаралары балалардың шығармашылығын дамытты және өзін-өздері танытты, сонымен қатар «Kazakhstan International School» лагерінің бағдарламасы бойынша ағылшын тілін меңгеру курсынан өтті.

Барлық іс-шаралардың мақсаты – балалардың демалуы үшін оңтайлы жағдайлар құру, атап айтқанда, өзін-өзі сауықтыру, жетілдіру және бала өзінің ішкі әлеуетін дамыту.

Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының директоры Қымбат Бейсекина осы іс-шаралар бойынша мынадай пікір білдірді: «Бұл жетім балалар мен жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларды қолдауға арналған бірінші және  соңғы да іс-шара емес, біз ойын-сауықтық, мәдени-танымдық жəне денсаулықты жақсартуға  арналған іс-шараларды ұйымдастыру арқылы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барынша көмек көрсетуге жəне қамқорлық танытуға тырысамыз. Қазіргі уақытта біз үшін Алматы қаласының 12 балалар үйінің 4-еуімен серіктес болуға мүмкіндік туды, осы жылы біз кем дегенде тағы басқа 3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз».

Г. Берік