Сабақ жоспары. Сенің отбасың

Сабақ жоспары. Сенің отбасың
Фото: Марал Ермаганбет

Сабақтың тақырыбы: «Сенің отбасың»

Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға отбасы туралы ұғым беріп, өзінің отбасындағы орнын түсінуге жағдай жасау. Отбасы қамқорлығымен қатар сол ортаға өзінің де еңбек етуі, адамдармен қарым-қатынасқа түсуі, әдепті сөздер мен өнегелі істер істеуі керек екенін ұғындыру.

ә) Ақыл-ой өрісін, өз ойын толық жеткізе білу дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.

б) Әдептілікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі, әдісі: жаңа сабақ, топтастыру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу.
Кіріспе әңгіме жүргізу.
Мағынаны ашу.
ІV. Сергіту сәті.
V. Бекіту.
VІ. Қорытындылау.
«Сөздерді тап» ойыны.
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.

Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла
«5»-ке қолды жеткізу.

«Джигсо» стратегиясы бойынша сыныпты 3 топқа бөліп, ат қою.

«Оқу» орталығы
«Жазу» орталығы
«Өнер» орталығы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Бүгінгі ауа райы туралы кім айтады?
- Аспанның күйі?
- Ауа температурасы?
- Жауын-шашын түрлері?

Орталықтармен жұмыс.

«Оқу» орталығына тапсырма: 2 оқушы үйге берілген тапсырманы айтады.
«Жазу» орталығына тапсырма: еңбек туралы 3 мақал-мәтел жазып келу.
«Өнер» орталығына тапсырма: қысқы еңбек түрлерінің суретін салып келу.

«Ассоциация» құру.

Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің айырмашылықтарын айтайықшы.

Сонымен, балалар, қыс мезгілінде қандай еңбек түрлері бар?

- Жарайсыңдар! Сабаққа жақсы әзірленіп келген екенсіңдер.
- Енді бері қарайық, мына сөзжұмбақты шешуіміз керек.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Қой дегенде бар,
Лақ дегенде жоқ,
Ойда бар, бақта жоқ. (О)
2. Рәміздердің бірі. (Ту)
3. Еңбек құралы. (Балға)
4. Ең жақын адам. (Ана)
5. Уақытты немен білеміз. (Сағат)
6. Ырыс алды – .... (Ынтымақ)

- Осы сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?
- Қане, бәріміз бірге оқиық.
- Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Отбасы», соның ішінде «Сенің отбасың»
- Бүгінгі сабақта жанұядағы адамдар жөнінде айтамыз.
- Кім айтады, сендердің ойларыңа «отбасы» деген сөзді естігенде не келеді, кімдер елестейді?

Дәптермен жұмыс.
Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.

а) Мәтінді оқып шығу.
ә) Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.
б) Тізбектеп оқушыларға оқыту.

Сергіту сәті:

Аспанға қарап, күн көрдім,
Төменге қарап, жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.

Бекіту.
Миға шабуыл.

- Отбасы деген не?
- Отбасы мүшелерін айтайық.

Прблемалық сұрақ.

- Оқулықта Сәуленің сөзі бар «Әже, сен маған не әкелдің?» деп сұраған, ал Асқар әжесінің алдынан шығып, сырт киімін шешуге көмектесіп «Әже, денсаулығың қалай?» деп сұрайды. Қалай ойлайсыңдар, қайсысының сұрағы дұрыс?

(Оқушылар жауабы)

- Отбасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

(Оқушылар жауабы)

Топтастыру стратегиясы

Ойын «Отбасы шуақ»

Оқушылар сызық арқылы әр адамды өз орнына құрметпен отырғызады.

- Өз отбасыңда кімдер бар?
- Әкең мен шешеңнің ата-анасы сендерге кім болады?
- Сен атаң мен әжеңнің кімісің?
- Үйде інің, әпкең, ағаң, сіңлің, қарындасың бар ма?
- Сен үйде қалай көмектесесің?

Орталықтарға тапсырма:

«Оқу» орталығына: «Мен – біз», «менікі – біздікі» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Жазу» орталығына: «Менің отбасым» тақырыбына шағын, 2-3 сөйлемнен тұратын эссе жазу.
«Өнер» орталығына: Бес жолды өлең құрастыру.

Қорытындылау

«Отбасы» тақырыбына байланысты сөздерді тауып, айту.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

«Оқу» орталығына: Әр оқушы өз отбасын әңгімелеу.
«Жазу» орталығына: эссені аяқтау.
«Өнер» орталығына: Өз отбасының суретін салып келу.

@. @assel_assanova