Алиса ғажайыптар елінде емес

Алиса ғажайыптар елінде емес
Фото: boredpanda.com

Льюис Кэрроллдың "Алиса ғажайыптар елінде" атты романы әлем ертегісіне айналған. Тіпті, мультфильм, кино түсірілген. Ал қолөнер шеберлеріне шабыт сыйлаған. Солардың бірі Джулианна Сабо есімді шебер. Ол қағаздан ертегі кейіпкерлерінің мүсінін жасаған. Кішкентай Алиса, Чешир мысығы, ақ қоян - бәрі 10 күннің ішінде жасалыпты. Құдды бір кейіпкерлер қағаз әлемінде жүргендей. Үлкен ептілік пен төзімділікті қажет ететін мына өнерді тамашалап көріңіздер!

Г. Берік