Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Сингапурлық оқушылар қалай білім алады?

Сингапурлық оқушылар қалай білім алады?

Сингапурлық оқушылар қалай білім алады?

Білім алу барлық елге ортақ. Дегенмен, әр елдің танымына, қоғамдық жағдайларына байланысты оқу жүйесі, заңдылықтары әртүрлі болары анық. Мысалы, сингапурлық оқушылар қаңтар айынан бастап оқиды. Осындай ерекшеліктері бар Сингапурдың білім беру жүйесімен таныс болыңыздар.

Мектепке дейін

Мектепке дейінгі мекемелер 3 жастан бастап қабылдайды, балалар бұл мекемеде 3 жыл дайындалады: балдырған, бірінші жыл және екінші жыл  (K1 және K2) деген сатылармен мектепке дайындалады. Бір қызығы, Сингапурда мемлекеттік балабақшалар мүлдем жоқ. Демек, ата-аналар балаларын жекеменшік балабақшаларға беруге мүмкіндігі мол. Санауға, сөйлеуге, қарым-қатынас жасауға бейімделеді. Ана тілінен басқа (қытай, малай, тамиль) ағылшын тіліне де жатық болып тәрбиеленеді.  

Мектеп сатысы

Сингапурда балаларды мектепке 6 жастан бастап қабылдайды. 1-4 сынып аралығын негізгі сынып деп санаса, 5-6 сыныпты бағыт-бағдар беретін саты ретінде қарайды. Сабақ қаңтар айының 2 жұлдызынан басталады, оқу жылы 4 тоқсаннан тұрады, әр тоқсан 10 аптадан тұрады. Тоқсан арасында 10 күндік каникул беріледі.

Барлық мемлекеттік мектепте білім алу тегін болғанымен, әр оқушы жыл сайын мектеп шараларына 13 сингапур долларынан жинап береді. 3-сыныптан бастап жаратылыстану пәндері оқытылады. Бастауыш сыныпты аяқтаған соң, орта буынға көшу үшін емтихан тапсырады. Емтихан қорытындысы бойынша оқушылар арнайы, экспресс, академиялық және стандартты деген бағыттарға бөлінеді. Оқушылар мектеп бітіргенде аталған бағыттар бойынша аттестат алады. Арнайы және экспрес бағытын тамамдағандар O-дәрежесіндегі аттестат берілсе, академиялық және стандартты бағытты бітірген оқушыларға N-дәрежесіндегі аттестат беріледі. Алдыңғы дәрежемен бітірген оқушылар біздің жүйемен «Үздік аттестат», ал соңғысы жай аттестат болып есептеледі. Оқушылар тек сабақ оқып қана қоймай, өздерін актерлік және спорттық қырынан таныта алады.

Сингапурдың бастауыш білім беру жүйесі 4 жылдық бастапқы дайындық және 2 жылдық арнайы дайындық сатыларынан тұрады. Бастапқы дайындық сыныбында ағылшын тілі, ана тілі, математика, этика, көркемөнер, музыка және дене шынықтыру сабақтарын оқиды. Ал арнайы дайындық сыныбында оқушыларды тіл таңдауына байланысты сыныптарға бөлінеді. Оқушылар өз ыңғайларына қарай тапсыратын емтихандарын таңдап алады, ауызша не жазбаша, тест сынақтары, т.с.с. Тілді білу дәрежесіне қарай арнайы сабақтар да өткізіліп тұрады.

Бағалау жүйесі

Сингапур оқушылары 9 баллдық жүйемен бағаланады. А1/А2 өте жақсы, B3/B4 жақсы, C5/C6 қанағаттанарлық, D7 нашар, E8/F9 өте нашар деген бағалармен бағаланады.

Фото: psyportal.net
Қосылған күні: 02 қараша 2015, 16:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.