Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Сингапур - Азия құрлығындағы қала-мемлекет

Сингапур - Азия құрлығындағы қала-мемлекет

Сингапур - Азия құрлығындағы қала-мемлекет

Сингапур – Оңтүстік-шығыс Азия елінде орналасқан қала-мемлекет. Мекен атауы «арыстан шаһары» деген мағына береді. Көне аңыз бойынша, жергілікті басшылықтың кемесі су апатына ұшырап, батып кетеді. Оның мүрдесін арыстан басты, балық денелі түсініксіз жануар алып шыққан.

Сингапурдың өрлеуі Стэмфорт Раффлзбен тығыз байланысты. Ол Суматра және Ява аралдарының жаңа көсемі болып сайланған соң, елдің әрі қарай дамуының жаңа бағытын ойлап тапты.


Жергілікті халық араб, малай, қытай ұлттарынан құралған. Өздерін «сингапурлықтар» деп атайды. Ал малай, ағылшын, қытай, тамиль тілдері мемлекеттік мәртебеге ие.

Сингапур - үлкен магистральді жолдары бар, аспанмен ұштасқан ғимараттарға толы қала. Жаңа технологиялар мен инфрақұрылымы жоғары дамыған қала мен оның маңында туристерге арналған аймақтар мен жағажайлар орналасқан.


Бұл елдің ақша бірлігі - сингапур доллары. Сингапур доллары Шығыс Азия аумағында орналасқан барлық дерлік елдерде қабылданады. 1 сингапур доллары 0,6-0,7 АҚШ долларына тең.

Сингапур еліне бару үшін виза рәсімдеу қажет. Қазақстан Республикасының азаматтары визаға тапсырысты Алматы қаласында орналасқан Сингапур елінің консульдық бөлімінде бере алады. Виза 5-7 күнде рәсімделеді.

Бұл ел көрікті мекендерге бай. Раффлз алаңы мен Джаронг саябағын аралап, Кверна және Фуллертон-билдинг көпірлерін өз көзіңізбен көріп, Букит-Тимах қорығындағы құстар әнін тыңдай аласыз.


Жергілікті дәмханалар теңіз өнімдерінен әзірленген тағамдарды ұсынады. Қала көшелері суши барлар мен қытай асханаларына толы. Сингапурлықтар қарбыз, гуава, маркуйя, папайя сияқты жеміс-жидектерден коктейль жасап ішкенді ұнатады.

Жергілікті халықтың жүзі суық болғанмен, олар өте сыпайы. Бұл елдің заңдары өте қатал әрі олардың көбі қисынсыз. Кез келген теріс қылық көрсеткен жанға айыппұл төлеуге тура келеді.

Сингапур елінде жүргенде өзін жайсыз сезінген жан дәріханадан өзіне қажетті дәрі-дәрмекті ала алмайды. Себебі, дәріхана қызметкерлері дәрі-дәрмектерді дәрігердің арнайы рұқсатымен ғана береді. Сондықтан да, сапарға қажет болатын дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге ала кетуді ұмытпаңыз.

Суреттер: touravia.info, tpg.ua

10748 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 29 наурыз 2012, 12:10
Пікірлер
+0
29 наурыз 2012, 13:29

Екінші суреттегі фонтанды талай суреттен көрген едім.

+0
29 наурыз 2012, 23:48

Тарихи ұлты жоқ ел, қандай қызық... :)

+0
02 сәуір 2012, 16:10

әдеміііі

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...