Демалыстан соң, сабақтың алғашқы күндері қиынға соқса

Демалыстан соң, сабақтың алғашқы күндері қиынға соқса
Фото: www.azattyq.org

Жаз қалай басталса, солай тез аяқталды. Әне-міне дегенше оқу жылы да қайта басталды. Үш ай бойы демалғаннан кейін мектепке бірден үйрену оңай емес.

Мектепте жаңа достар табыңыз. Олармен бірге уақыт тез де көңілді өтеді. Жаңа таныстарыңыз үшін мектепке баруға асық боласыз.

Өзгеріс енгізгіңіз келсе, аздап шаш үлгісін, киіміңізді өзгертіңіз. Бетіңізді бояғыңыз келсе, кірпікке сәл ғана тушь қолданып, ерінді білінер білінбес далаппен боясаңыз жеткілікті. Одан артық боянамын деп баратын жеріңіз мектеп екенін естен шығарып алмаңыз.

Жаз мезгілінде таңертең тым ерте тұру міндетті болмаған соң, түнде теледидар қарап, компьютер алдында отырып, кеш ұйықтаймыз.  Ұйқы режиміңізді ретке келтіру қиынға соғады. Таңертеңгі мезгілде оқитын болсаңыз түстен кейін сабақтан келген соң қанша ұйқыңыз келсе де ұйықтамаңыз. Салқын су ішіп, билеп, дене жаттығуын жасап, ұйқыңызды ашыңыз. Шыдамай ұйықтап қалар болсаңыз, түнде ұйықтай алмай, тағы да кеш жатасыз, ертесіне тағы да ұйқыңыз қанбайды. Сабақта қалғып отырар болсаңыз, сергек жүрмесеңіз, соңы жақсы болмайтыны белгілі.

Үйірмеге жазылыңыз. Өзіңіз жақсы көретін спорт түріне не өнер үйірмесіне қатысыңыз. Сабақпен қатар алып жүре алар болсаңыз, уақыттың қалай өткенін білмей, алғашқы күндердің қиындығын ойлауға да мұршаңыз болмайды.

Таза ауада серуендеңіз. Әсіресе кешкісін көшеде бір жүріп келсеңіз, денсаулығыңыз қалыпты болып, жақсы ұйықтайсыз. Бұл да өз кезегінде сергектік сыйлайды.

@. @assel_assanova