Өміріңізге өзгеріс енгізетін 3 жағдай

Өміріңізге өзгеріс енгізетін 3 жағдай

Психолог мамандардың айтуынша, өмірдегі өзгерістерден еш қорықпау керек. Олар қаншалықты ауыр болса, соншалықты жағымды әсері сыйлайды. Сондықтан, өзгеруге тиіспіз! Әсіресе, негативті эмоцияның позитивтіге қарағанда көбейіп қалғанын байқаған кезде. Біздің әрқайсымыздың өмірімізде түбегейлі өзгерісті талап ететін ситуациялар болады.

Оның күнделікті өзімізге күтім жасауға еріну, макияж бен шаш үлгісін жасағымыз келмеу сынды белгілері бар. Құдды өтіп жатқан күндердің бір-бірінен айырмашылығы жоқтай.

Шешім: жалқаулануды доғарып, алдыңызға мақсат қойыңыз. Және оған міндетті түрде жетіңіз! Жан-дүниеңізді ретке келтірген соң сырт келбетіңізді жөндеуге кірісіңіз. Өзіңізді жаңа киімдер алу арқылы қуантыңыз! Таңертең ерте тұрып, бірден салқын душқа түсуді үйреніңіз. Таңның алғашқы сағатын тек жақсы істерге арнаңыз. Арада уақыт өтіп, айнадан бақытты жанды көрген кезде көңіл күйіңіз көтеріледі.

Айналада тіршілік қайнап жатқан кезде, сіз өмірден өз орныңызды таба алмай жүрсіз. Құрбыларыңыз табысты, ал әріптестеріңіз әлдеқайда ақылды. Сіз ғана бәріне күлкі болудасыз.

Шешім: тек өзінің жеке өмірі жоқ адамдар ғана өзгенің өміріне қызыға қарайды. Армандауды қойып, бойыңыздағы қалаған қасиетіңізді арттыра түсіңіз. Жарты жылда шет тілін үйреніп, қалаған техникаңызды кітап арқылы меңгеруге болады. Бойыңыздан сізді биік шыңдарға жетелейтін күш тауып, іске кірісіңіз!

Айналаңызда сәннен хабары бар адам жоқ па? Апта сайын болмаса да, ай сайын жаңа киім алуға дағдыланған құрбыларыңыздың арасында ескі киіммен жүруге ұялып жүрсіз бе?

Шешім: оларға лайық болуды жасандылық таныту деп түсінбеңіз. Ал, қатарыңыздан қалмау – өте пайдалы іс. Бұл үшін міндетті түрде ең соңғы үлгідегі киімді алудың қажеті жоқ. Тек өзіңізге лайық стильді табуға тырысыңыз. Ең бастысы – бұл өмірде алынбайтын қамал жоқ екенін біліңіз!

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай