Домбырашы оқушылар Италия сахнасында

Домбырашы оқушылар Италия сахнасында

Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика-математика бағытында оқитын 7-12 сынып оқушыларынан құралған «Жігер» домбырашылар ансамблі Италияда өткен халықаралық «Sun of Italy» фестиваль-конкурсіне қатысты. Римини қаласында өткен жарысқа қатысқан домбырашылар ұйымын қосымша білім педагогы Айтжан Тоқтаған басқарды. Аталған шараға Римини қаласының әкімшілігі, Белария қаласының мэрі, Эмиль Романь аймағының мәдени шараларын ұйымдастырушы департамент қолдау көрсетті. Мұнымен қатар, Пезаро қаласының консерваториясының көп көмегі тиді. Фестиваль Испания, Италия, Қазақстан, Болгария және Ресей сынды мемлекеттерден 18 ұжымның қатысуымен ерекшеленеді. Риминиге Мадрид, Астана, Сарагос, Севиль, Болонь, Омск, Самар, Саратов, София, Ставрополь, Хабаровск сынды қалалардан 100 өнерпаз келген.

Фетиваль-конкурс қалалық театрдың сахнасында өтті. Сайыс барысында Италияның әйгілі музыкашылары, мәдениет пен өнер қайраткерлері төрелік етті.

Еліміздің намысын қорғауға барған оқушылар қазақ және шетелдік композиторлардың туындыларын орындады. Құрманғазының «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Түрікмен күй» мен «Бала-мишка» күйін шертіп, «Тарантелла-неаполитано» италян фольклорлық биін биледі.

Ұйымдастырушылар домбырашылар ансамблінің орындау шеберліктерін өте жоғары дейгейде деп бағалады. Әрбір қатысушы CID UNESCO мүшесі ұсынған дипломмен марапатталды. Мұнымен қатар, қазақ оқушылары 2015 жылы өтетін халықаралық шараға шақырту алды. Италияда өтетін бұл шараға әртүрлі мемлекет өкілдері қатысып, өз елдерінің өнерін таныстырады.

Фестивальдің арасындағы үзілісте домбырашыларымыз Италияның тарихи орындарын көріп, Венецияға, Римге, Флоренцияға қонақ болып қайтты. Сан Марино атты ергежейлілер мемлекетіне саяхаттауға мүмкіндік алды. Көктемгі демалыстары оқушыларың көкейінде мәңгілік сақталатыны анық.

Дереккөзі: nis.edu.kz

Сурет:nis.edu.kz 

Қ. Бүйенбай