Әлемнің ең ерекше 10 мектебі

Әлемнің ең ерекше 10 мектебі

Мектеп - әр баланы білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге дайындайтын алтын ұя. Ол жерде сабақ оқып қана қоймай, болашағымызға керек түрлі тәжірибе жинақтаймыз. Мұнымен қатар, әлем мектептерінің бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетінін айта кетуіміз керек. Мысалы, бір мектепте оқушылар сабаққа барып, бармау керектігін өзі шешесе, екінші мектепте әлемнің 12 мемлекетіне қыдыру мүмкіндігіне ие болады. Назарларыңызға осы секілді 10 мектеп ұсынамыз. 

Тәртіпсіз мектеп (Канада)

Аталған оқу орны әлемдегі өзге мектептерден айтарлықтай ерекшеленеді. Ол жерде оқитын оқушылар үй тапсырмасы, баға, сабақ кестесі дегендерді білмейді. Оқушы сабаққа бару, бармау керектігін өзі шешеді. Философия, аспаздық және мүсіндеу сабақтарын қосымша өтеді. Ең қызығы, ұстаздар балаларға не істесе де, кедергі жасай алмайды.

Табиғатты зерттеушілер мектебі (АҚШ)

Watershed мектебінде білім алу арқылы таңғажайып оқиғалардың куәсі болу мүмкіндігіне ие боласыз. Ағылшын, математика сынды пәндерден өзге ұстаздар оқушыларды табиғат аясына шығарып, түрлі зерттеулер жүргізеді. Сабақтар әдетте тар сыныпта емес, табиғат аясында өтеді. Биология және география пәндерінде өзен бойымен қайықпен жүзеді. Watershed мектебінің ұстаздары оқушылардан құралған рок группаларды дайындап, видео ойындар құрастыруға көмектеседі. Фрисби, йога сынды спорт түрлерімен қосымша айналысады.

THINK Global мектебі (АҚШ)

Бұл мектепке жасы үлкен аға-әпкелеріміз де қызығуы мүмкін. Себебі, әр жаңа оқу жылы сайын мектеп оқушылар жаңа елге көшіп отырады. Оқушылар 12 жыл ішінде 12 мемлекетте өмір сүру мүмкіндігіне ие болады. Әр оқушыға Macbook, iPad және iPhone сынды құралдар үй тапсырмасын орындау үшін беріледі. Мұнымен қатар, өздеріне ғана тиесілі әлеуметтік желілері бар.

Дальтон мектебі (АҚШ)

Бұл мектепте әр оқушыға ерекше мән беріледі. Мұнда оқушыларға арналған ортақ бағдарлама жоқ. Оқушының қандай баға алу керектігі, үй тапсырмасы қандай мөлшерде берілуі керек сынды мәселелер оқуға түсер кезде анықталып алынады. Алғашында бағдарлама оғаш көрінгенімен, мықты мамандарды дайындайды.

Студия мектебі (Англия)

Аталған мектеп оқу материалдарының тек практика жүзінде меңгерілетіндігімен ерекшеленеді. Әр оқушы болашақта жұмыс істегісі келетін компаниямен мектеп қабырғасында жүріп келісім-шартқа отыра алады.  

Жалғасы бар

Сурет: kleinburd.ru 

Қ. Бүйенбай