Волейболды бәрінен жақсы ойнағыңыз келе ме?

Волейболды бәрінен жақсы ойнағыңыз келе ме?

Команда мүшесі болып, оқушылармен қарым-қатынасты нығайтуға көмектесетін спорт түрімен айналысыңыз. Мұнымен қатар, арнайы тәсілдерді игеруге көмектесіп, денсаулығыңызға пайдасын тигізгені жөн. Кезекті материалымыздың көмегімен волейбол спортын оңай меңгеруге болады. Допты дұрыс қабылдап, лақтыруды үйренесіз. Олай болса, іске сәт!

Ойынның негізгі ережелері:

1. Ойыншыларды таңдаңыз. 6 ойыншының көмегімен бәсекеге қабілетті команда дайындайсыз. Алайда міндетті түрде 6 ойыншы емес, одан аз немесе көп болса да рұқсат беріледі. Ең бастысы, екі жақ ойыншыларының саны тең болуы керек.

♦ ойыншыларды үш қатарға тізіңіз: торға жақын жерге алғашқы қатарды, ал алаңның артқы шекарасына жақын бөлікке үшінші қатарда орналастырыңыз;
♦ соңғы қатардың оң жақ бұрышында тұрған ойыншы допты лақтырады. Допты лақтыратын адам әр кез әртүрлі болуы үшін ойыншылар шеңбер бойымен жылжиды. Яғни орын ауыстырады;
♦ бір-бірін алмастыру барысында ойыншылар сағат тілі бойымен жылжуы керек.

2. Допты алаңның артқы шекарасынан шығып тұрып лақтырады. Қарсыластарымыздың алаңына торға тимей жеткен жағдайда дұрыс лақтырылған болып есептеледі.

♦ артқы оң бұрышта тұрған оқушы допты лақтырады;
♦ әр ойыншы бір реттен допты лақтыру мүмкіншілігіне ие болады. Егер доп қарсылас алаңына түссе, сіздің командаңызға ұпай қосылады;
♦ допты қабылдаушылар оны қарсылатарға қайтаруға міндетті. Ойын пас пен қарсы соққыдан құралса да, алаңның бір бөлігінде 3 мәрте ғана ұрылуы керек;
♦ денеміздің кез келген бөлігімен допты ұруымызға болады. Мұндағы мақсат – допты жерге тигізбеу;
♦ ойыншының өзі алаң шекарасынан шықса да, допты шығармағаны жөн;
♦ қарсыласыңыз допты алаңның сыртына бағыттаса, оны жерге тимей тұрып өздеріне қарай ұруыңызға болады.

3. Допты жоғалтып алмайынша қайталап ұра беріңіз.

Допты қай кезде ұруға болмайды?

♦ доп жерге тигенде;
♦ доп қарсыласыңыздың алаңына түссе, олар допты лақтыру мүмкіндігіне ие болады. Ал сіздің командаңызға ұпай қосылады;
♦ доп алаңның сыртына шыққан жағдайда. Допты аутқа жіберген команда ұпайдан айырылады. Яғни қарсыластарына ұпай қосылады;
♦ ойыншының денесі торға тиген кезде. Бұл кезде де қарсылас командаға ұпай қосылады;
♦ ойыншы тордың төменгі бөлігі арқылы қарсылас команданың алаңына өтіп кеткенде. Қарсы командаға ұпай беріледі;
♦ бір ойыншы допты екі рет ұрғанда;
♦ команда ойыншылары ең көп дегенде допты үш рет қана ұра алады.

4. Қайта лақтырыңыз. Ең соңғы ұпайды қанжығасына байлаған команда допты лақтыру мүмкіндігіне ие болады. Егер доп сіздің командаңызда болса, үшінші қатар алдыға жылжуы керек. Ал керісінше қарсыластарыңызда болса, алдыға жылжығандары дұрыс. Осыйлайша допты қабылдап, қарсыластарыңызға соққы жасауға дайын боласыздар.  

Ал Сіз волейбол ойнай аласыз ба?

Сурет: top2best.com, wikihow.com

Оқи отырыңыз:

Сыныптағы ең үздік оқушы болғыңыз келе ме?
ҰБТ-ны сәтсіз тапсырған оқушы оқиғасы
Индиго оқушылар дегеніміз кімдер?
Үй тапсырмасын көшіруге бересіз бе?

Қ. Бүйенбай