- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Әлем мектептері туралы...
Әлем мектептері туралы қызықты деректер
Мектеп жер бетіндегі барлық мемлекетте бар. Және әрбір адам оның қабырғасында білім алған, немесе табалдырығын енді аттайды. Алайда ол бұрындары болған жоқ. Әсіресе дәл қазіргідегідей үлгісі. Ал мектептер бір-бірінен несімен ерекшеленеді?
♦ "Мектеп" деген кезде қазіргі заман адамының ойына қоңырау, үзіліс, сабақ оралады. Ол гректердің «сколе» деген сөзінен шыққан. Пікір-талас жүргізіп, ауқымды мәселелерді талқылайтын жер болған.
♦ Біз «педагог» сөзінің сөздік қорымызда болуымен гректерге қарыздармыз. Ежелгі Грекияда қожайындарына адал, бірақ қара жұмысқа жарамайтын адамдарды осылай атаған. Олардың міндеті қожайын балаларын мектепке алып барып, алып келу болған екен. «Педагог» сөзі грек тілінде «оқушыны бағыттаушы», «оқушыны алып жүруші» деген мағынаны білдіреді.
♦ Ежелгі Спартада ер балалар мектепте ғана білім алып қоймай, 3 айға созылатын арнайы лагерлерге тұрақтап, спортпен шынығатын болған. Артынша турнирлерге қатысқан. «Спарталық шарт» (спартанские условия) тіркесі лагердегі тәртіптің қатаң болуымен байланысты шыққан.
♦ Ең ежелгі мектеп б.з.д. 859 жылы құрылған. Ол – Феседегі Карауин мұсылман университеті.
♦ І Петр патшаның арқасында Ресейде ең алғаш рет мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп ашылған. Ол мектепте 12-17 жас аралығындағы балалар оқыған.
♦ Қазір «сенбілік» деп мектеп ауласын тазалау жұмысын айтсақ, ол кезде «сөгіс жариялауды» осылайша атайтын болған. Ол сенбіліктерде балаларды жасаған бұзақылықтары үшін емес, болашақта қателік жасамасын деп ұратын болған екен. Кей педагог артық кететін болған.
♦ «Мұны Е, Ж, Д де түсінеді» деген тұрақты тіркес мектептің арқасында шыққан. Әдетте бұл тіркесті ана тілімізде қолданбаймыз. Оны көрші орыс халқы жиі айтады. СССР кезінде 2 жыл білім беретін талантты балаларға арналған А, Б, В, Г, Д және 1 жыл білім беретін Е, Ж, И сыныптары болған екен. Е, Ж, И сыныптарында 1 жыл ғана оқитын болғандықтан, олар қалғандарына қарағанда аз білетін. Мұнымен қатар, сөз арасында «мұны Е, Ж, И де түсінеді» деп айтатын болған.
♦ АҚШ-да бірінші сыныпқа келген оқшылар еліне адалдығын білдіру үшін ант береді екен. Қазір антты қолын жүрекке қою арқылы берсе, 1942 жылға дейін басқаша ант беретін болған. Аталған уақытқа дейін қолын жүрегінің үстіне қойып, бірден алдыға қарай сермейтін болған. Осы ишара ұлтшылдардыкіне ұқсас болғандықтан, өзгертілсе керек.
♦ Чехия мемлекетінде бестік – ең жоғарғы, ал екілік – ең төменгі баға.
♦ Францияда 20 балдық, Қытайда 100 балдық жүйе бар. Ал Норвегия мектептерінде 8 сыныпқа дейін баға қоймайды.
Жалғасы бар...
Сурет: cpm.kz
Оқи отырыңыз:
Үндістанның білім беру жүйесі қандай?
Мектепті бітірген соң Францияда білім алғыңыз келе ме?
ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырғыңыз келсе
Болашақ мамандығымызды бірге таңдайық
Қ. Бүйенбай