Бала тәрбиесіндегі қымбатты бір минут

Бала тәрбиесіндегі қымбатты бір минут

Күнделікті жағдайда әке-шеше тәрбиесі мәңгілік таусылмайтын тақырыптардың бірі. Кейбір ата-аналар тұрмыстың қарбаластығы себебінен баланы тәрбиелеуге немқұрайлы қарап қалатын жағдайлары болады. Ата-ана әр күні он минут уақытын шығарып балаларымен бірге болса болғаны өз ұрпағын жақсы тәрбиелеп кете алады. Бүгін біз осы он минут уақыт үстінде тоқтала кетуді жөн көрдік.

Баланы бір минут жоғары көтеру

Әр күні балаңызды бір минут биік көтеріңіз. Сонда балаңыз өзінің бұл үйдегі, өмірдегі орнының қаншама жоғары екенін түсінеді. Балаңыздың басын сипап, иығын барша мейіріңізбен иіскеп, қолдарын қысып ұстап қойыңыз. Бұл арқылы балаңызға ата-ана мейірін жеткізе аласыз.

Бір минут балаңыздың сөзіне құлақ асыңыз

Әр күні бір минут уақыт шығарып балаңыздың сізге қандай жүрек жарды сөздер айтатынына назар салыңыз. Балаңыздың ішкі дүниесіне кіріңіз, осылай істегенде сіз балаңыздың көңіліндегі әңгімені түсініп жетесіз.

Балаңызды бір минуттан артық ұрыспаңыз

Балаңыз кемшілік өткізсе оны бір минуттан артық ұрысудың қажеті жоқ. Балаға сөгіс айтқанда сөйлеген сөзіңіз дұрыс, орнықты болсын. Ұрысудың жөні осы екен деп көп ортасында, көшеде айғайлай бермеңіз. Бұл балаға берген тәрбие емес, қайта баланы кемсіту болып саналады. Балаға сөйлегенде әдепті сөздер айтқан жөн, себебі балаңыз сөзді сізден үйренеді.

Баланы бір минут мадақтаңыз

Әр баланың өзіне тиеселі артықшылығы болады. Бұл артықшылық бала үшін жеңіске жеткенмен бірдей. Оның осы қасиеттерін тани біліп, мадақ айтыңыз. Ол осыдан жігерленеді. Шабыт алады.

Бір минут балаға әңгіме айтыңыз

Аз ғана уақыт бөліп өз басыңыздан өткен жайларды балаңызға айтып беріңіз. Осы арқылы баланың ойы жетіледі, оның өмірге, болашаққа деген көзқарасы қалыптасады және дұрыс көзқарас ұстанады. Сіз оған жабық болсаңыз, ол сізді түсінбесе, ол да сізге жабық болуы, сіз де оны түсінбеуіңіз мүмкін.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды