Тегін білім алуға болатын Еуропа университеттері

Тегін білім алуға болатын Еуропа университеттері
Фото: envato.com

Еуропада білім алу үшін ағылшын тілін жетік білу жеткілікті. Кейін университет талабына сәйкес жергілікті мекеннің ана тілін үйренуге мүмкіндік аласыз. Бүгін шетелдіктер тегін білім ала алатын еуропалық жоғары оқу орындарын ұсынамыз.

Scuola Normale Superiore (Италия)

Италиядағы рейтингі жоғары әрі Еуропадағы үздік оқу орындарның бірі саналады. Бакалавриат студенттері үшін үш түрлі бағыты бар: гуманитарлық ғылым (палеография, өнер тарихы, археология, заманауи әдебиет, лингвистика және философия), жаратылыстану ғылымдары (биология, химия және физика) және саясаттану немесе политология.

Университет тұратын жер мен тамақ ақысын өтейді. Оқуға түсіп, грант алған жағдайда артық шығын шығармайсыз. 

University of Göttingen (Германия)

Германия тегін білім алу бағдарламаларын ұсынатын мемлекеттер арасында көш бастап тұр. Гёттинген университеті де — Еуропада тегін білім алу мүмкіндігін беретін оқу орындарының бірі. Университетте гуманитарлық, жаратылыстану, құқық, қоғам ғылымдары бағыты бойынша білім ала аласыз. Кей бағдарламалар ағылшын тілінде өтеді.  

University of Vienna (Аустрия)

Вена, Аустрия — Еуропада артық шығынсыз білім алуға болатын тағы бір жер. Вена университетіне құжаттарды жинақтау және өткізу үшін шығындаласыз. Бұл университет 200-ден астам оқу бағдарламасын ұсынады. Негізінен ағылшын тілінде өтеді. 

University of Nantes (Франция)

Егер сіз Францияға баруды армандасаңыз, онда Нант университеті – шетелде білім алуға мүмкіндік беретін оқу орны. Нант университеті биологи, геоғылым, шет тілдері мен әдебиеті, мәдениеттану, еуропалық және халықаралық зерттеу бағыттары бойынша білім береді. 

University of Crete (Грекия)

Грекияның мемлекеттік университеттері Еуропалық Одаққа кіретін мемлекеттерден келген студенттерге тегін оқу мүмкіндігін ұсанады, ал Крит университеті барлық шетелдік студенттерден ақы алмайды. Негізгі бағдарламалар: философия, педагогика, қоғамдық ғылымдар, медицина, техника.

Т. Есқали