Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Алматының жоғарғы сынып оқушылары барлығына өз күшімен жетуді үйренді

Алматының жоғарғы сынып оқушылары барлығына өз күшімен жетуді үйренді

Алматының жоғарғы сынып оқушылары барлығына өз күшімен жетуді үйренді

170-ке жуық мектеп оқушысы Алматы қаласында өткен Find Your Way шарасына қатысты. Кездесудің мақсаты – жоғарғы сынып оқушыларын барлығына өз күшімен қол жетуді үйрету. 

— Біздің ивентіміздің тақырыбы, кез келген адам өзі жайлы: ол бай туысқандардың және байланыстардың көмегінсіз барлығына өзі қол жеткізді дей алатын жағдайға қалай келтіру. Және де сіз көз жеткізе алғандай, біздің спикерлеріміз өздерінің мысалдарда балаларға мұның әбден мүмкін екенін көрсетті, - деп бөлісті Есенов ат. қордың жобалар үйлестірушісі және триатлет Сергей Левадний. 

Қатысушылар алдында Code4U компаниясының директоры Айгүл Имадилдаева және ғылыми кәсіпкер Диас Тастанбеков сөз сөйледі. Олар қатысушыларды экономикалық мүдделерді ұмытпай, өз жүрегін тыңдауды үйретті. Стратегиялық жоспарлау, басымдылықтарды жайғастыру және өз кәсібінде чемпион болу және де отбасында барлығына үлгеру жайлы шахматтан Дүниежүзілік олимпиада жүлдегері Гүлмира Дәулетова айтып берді. Олардың барлығы табысқа қол жеткізіп, өз күшімен мансап құрған жандар. 

Алматы мен Қазақстанның бодибилдинг бойынша чемпионы Руслан Шагалиев және Олимпиада ойындарының қатысушысы, хоккеист Анна Акимбетьева өзіңді спорт арқылы қалай ашуға және оның көмегімен өз кәсібінде талай жетістіктерге жетуге болатынын аудиторияға түсіндіріп берді. Салауатты тамақтану саласындағы сарапшы Катарина Максименко тамақтану туралы дағдылы дақпырттарды жоққа шығарып, олардың кейбіреуін елемей, рационды дұрыс құрастырып, өз энергиясын басқаруды балаларға үйретті. 

— Мен үшін бірінші кезекте өзіңді дұрыс ұсына білу үшін түйіндемеде нені және қалай көрсету керектігін білу өте тиімді болды. Жақын арада бұл ақпарат маған қажет болады, себебі мен тағылымда іздеуді бастаймын ғой, — деп іс шараға қатысқан мектеп оқушыларының бірі өз ойымен бөлісті. 

Find Your Way іс-шарасына сондай-ақ психологтар және жаттықтырушылар Лала Самса мен Дарья Кобзева қатысты. Олардың дәрістері жеке тиімділікті арттыруға және өз мақсаттарына қол жеткізу жоспарын құрастыруға арналған ресурстарды іздеуге арналды. Сонымен қатар сол күні Нархозда алматылық мектептердің түлектері өз хоббиін армандаған жұмысына қалай айналдыру, мақсаттарды қалай дұрыс құру және оларға жету жолынан адаспау, қызықты тағылымдаманы қалай табу және де сәтсіздіктердің неліктен пайдалы екені жайлы білді. 

—Мен балаларға жандарына жақын жұмысты қалай табуға болатыны жайлы баяндадым. Себебі мұны оларға қазіргі таңнан бастап қолға алған жөн. Әрі қарай, түйіндеменің алғашқы жолдарын жазып, олар мұның кенеттен іске аса бастағанын түсінетін болады. Балаларға кәсіпқой болып көріну үшін тіпті әлеуметтік желілердегі парақшаларын қалай қолдануға болатыны жайлы айттым. Менің тәжірибем бойынша, әдетте мектеп оқуышларының ынтасы жоқ, ал бұл жерде тек өте әуесқой оқушылар жиналған, — деп кеңесші Марина Дорофеева жасөспірімдермен кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. 

Кездесудің ұйымдастырушылары жоғары сынып оқушыларына арналған осындай іс шараларды келе жатқан 2020 жылы да өткізуді жоспарлап отыр.

Тамыз айында Алматыда Find Your Way сериясының бірінші іс-шарасы болып өтті. Ол 15-17 жастағы қазақстандықтардан студенттік өмірде оларға аса пайдалы болатын дағдыларды пысықтау мақсатын қояды. Кездесуге 200-ден астам жасөспірім мен бірінші курс студенттері қатысты.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: Find Your Way
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2019, 10:40
Тегтер: Find Your Way, шара, оқушы,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.