Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / IELTS емтиханының құрылымы

IELTS емтиханының құрылымы

IELTS емтиханының құрылымы

Емтиханның екі түрі бар: Academic (Академиялық модуль) және General (Жалпы модуль). Шетелге көшуді жоспарласаңыз, General IELTS емтиханын тапсырғаныңыз туралы сертификат керек болса, шетелде оқу үшін Academic IELTS емтиханын тапсыруыңыз міндетті.

Тест төрт секциядан тұрады:
Listeningтыңдалым (30 минут)
Readingоқылым (60 минут)
Speakingсөйлеу (11-14 минут)
Writingжазылым (60 минут).

Listening және Speaking Academic пен General нұсқалары үшін бір болса, оқылым мен жазылымда айырмашылық бар. Емтиханға керек уақыт – 2 сағат 45 минут. Оны нәтижесі екі жылға жарамды.
sss

Емтихан қалай өтеді?
IELTS емтиханы ережеге сай күндіз өтеді. Емтиханға бір сағат ерте келу міндеттеледі. Өйткені, тіркелу жұмысы жүргізіледі. Өзіңізбен бірге паспортыңызды алуды ұмытпаңыз. Кейін сізді емтихан өтетін аудиторияға апарады. Партада сіздің аты-жөніңіз жазылған карточка болады. Партада бір адамнан отырады. Емтихан басталмас бұрын ережелермен таныстырып, тапсырмаларды орындау жолын айтады. 

Listening
Емтихан қабылдаушы ұйымдастыруға байланысты сұрақтарға жауап бергеннен кейін, тыңдалым басталады. Сұрақтар мен жауап парағы таратылып, жарты сағат бойына тыңдалыммен жұмыс жасайсыз. Әр мәтіннен соң жауапты тексеруге сізге 30 секунд беріледі. Демек, жауапты тыңдалым барысында жазуға тиістісіз. Барлық мәтін дыбысталған соң, арнайы жауап парағын толтыруға 10 минут беріледі.

Reading
Тыңдалымнан соң, оқылымға көшесіз. Бір сағаттың ішінде 3-5 оқылым (Academic әлде General тест тапсырмаларына байланысты) тапсырмасына жауап бересіз. Мүмкін болады-ау деген жауаптарға мән бергеніңіз жөн. Асықпаңыз, сізден не сұрап отырғанын ұғып алыңыз.

Writing
Сізге 2 жазылым тапсырмасын орындау беріледі: эссе жазу және берілген суретті сипаттау. Әрқайсысына 30 минут беріледі. Көптеген адамдар жазылымды бірінші қосымша параққа түсіргендіктен үлгермей қалады. Бірақ, таза жауап парағына жазғанда да сіз мәтіннің құрылымы мен қорытынды ойды дәл әрі нақты көрсете білуіңіз керек.

Speaking
Емтихан қабылдаушы адаммен танысып, онымен ортақ тақырыптарға әңгіме айтасыз. Кейін сізге белгілі бір карточкаға сәйкес жеке тақырып ұсынады. Еш қиындығы жоқ, бастысы – тоқтамай сөйлеу және өзіңізге сенімді болу.

Бағалау жүйесі:
IELTS 0.0-ден 9.0 -ге дейін баллдық жүйе бойынша бағаланады: сіздің нәтижеңіз Listening, Reading, Writing, Speaking секілді төрт дағдыны бағалау бойынша және орта балл арқылы есептеледі.

sss

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: commons.wikimedia.org
Қосылған күні: 28 ақпан 2018, 10:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.