IELTS тапсыру үшін қанша уақыт дайындық керек?

IELTS тапсыру үшін қанша уақыт дайындық керек?
Фото: ielts.su

IELTS – шетелдегі білім ордаларына тапсыру үшін керек міндетті емтихан. Емтиханға дайындайтын оқытушылар мен емтихан тапсырғандар тәжірибесіне сүйенсек, ағылшын тілін Intermediate деңгейінде меңгерген жандар үшін 3-4 айдан бастап 1 жылға дейін уақыт керек. Әрине, оның бәрі оқу қарқынымен де байланысты. Төрт ай – үміткердің баллын бір сатыға жоғарлатуға мүмкінідік беретін ең минимал уақыт. 

Емтиханға келесі жолдар бойынша дайындалуға болады:
–  Бірнеше сайттың көмегіне сүйену арқылы өз бетіңізбен оқуға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ, қажетті материалдар үшін интернет – сауда жасауға тура келеді.
– Репетитор көмегіне сүйеніп сабақ алу арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Бірақ, репетитор емтиханды тапсыруы тиіс.  Қарапайым ағылшын курстары сізге көмектесе алмайды.

Егер өз бетіңізбен дайындық  жұмысын жүргізгіңіз келсе, мына ақпараттар сізге керек болады:
"Insight into IELTS", Vanessa Jakeman and Clare McDowell;
«Как сдать IELTS», Е.П. Протасеня;
"101 Helpful Hints for IELTS", Garry Adams
• "Cambridge IELTS Practice Tests 1-9";
"IELTS Preparation and Practice",  Oxford жинағы.

Жұмысыңызға сәттілік тілейміз!

Т. Есқали