Жаңа форматтағы ҰБТ-да дұрыс жауап қалай бағаланды?

Жаңа форматтағы ҰБТ-да дұрыс жауап қалай бағаланды?
Фото: tengrinews.kz

ҰБТ-ға қатысушылардың ұпайлары төмендегідей бағаланады.

Түсушілердің ҰБТ-дағы тест тапсырмаларын (3 дұрыс жауаптан артық емес) орындағанын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

– бір дұрыс жауабы бар тапсырма бір балмен бағаланады;

бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмаларда:

– бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

– бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

– бір дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

– екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

– екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

– екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

– екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

– екі дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

– үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

– үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

– үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

– үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

– үш дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен; бағаланады.

Жауап парақтарын сканерлеуді Министрлік программисті аудиториялар бойынша екі рет жүргізеді.

Жауап парақтары сканерленген соң телекоммуникациялық желі арқылы дұрыс жауаптар кодтары файлы жіберіледі.

Дұрыс жауаптар кодтары екі данада басып шығарылады: біреуі жалпы шолу үшін ілінеді, екіншісі апелляциялық комиссия үшін беріледі.

ҰБТ нәтижелерін тестілеу өткізу күні мемлекеттік комиссия хабарлайды және ақпараттық стендте ілінеді, сондай-ақ тестілеу нәтижелерімен www.testcenter.kz сайтында танысуға болады.

Г. Берік