ҰБТ-да қандай жағдайда АКТ жасайды?

ҰБТ-да қандай жағдайда АКТ жасайды?
Фото: Informburo.kz

ҰБТ өтіп жатқан кезде талапкер өз құқығын білуі тиіс. Сонымен қатар, қандай іс-әрекеттерге бармау керектігі туралы да хабардар болғаны дұрыс. Сіздің тестілеу кезіндегі кей әрекеттеріңіз АКТ жасауға негіз болуы мүмкін. Сондықтан, төмендегі жағдайлармен таныс болыңыз.

ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің, рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, орын ауыстыруға, емтихан материалдарымен алмасуға, емтихан материалдарын аудиториядан шығаруға, шпаргалкалар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары) кез-келген түрлерін аудиторияға кіргізуге және қолдануға, емтихан материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау, корректор сұйықтығын қолдану, беттерді жырту, бояуға қарастырылмаған секторларды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге рұқсат етілмейді.  

Түсуші осы Қағидалардың 39-тармағын бұзған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды.

Тестілеу өткізу барысында рұқсаттама мен рұқсаттама түбіртегін қайта салыстыру кезінде бөгде тұлға анықталған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанға бойынша Тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды.

ҰБТ-ға берілген уақыт аяқталғанда түсуші емтихан материалдарын өңдеу үшін тапсырудан бас тартқан жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде түсушінің емтихан материалдарды уақытында тапсырмау фактісінің анықталуы туралы акт жасайды.

Г. Берік