Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Бірінші курс студенті өзін қалай ұстауы керек? #2

Бірінші курс студенті өзін қалай ұстауы керек? #2

Бірінші курс студенті өзін қалай ұстауы керек? #2

1 қыркүйекте барлық «балмұздақ» аудиторияда абдырап отырады. Оның бейнесі қызық. Бір-біріне жалтақ-жалтақ қарап, есікке қағылып-соғылып, ыңғайсыз жағдайларға ұшырап қала беру де – бірініші курс студенттеріне тән сипат. Бірінші курс студентінің сырт келбеті мен мінезі қандай болу керегін жаздық. Ендігі кезек қалай тіл табысу мен сый-құрмет сақтау туралы.

Тіл табысу. Жаңа ұжымға сіңісу үшін адамдардың жат екенін естен шығарып, кез келген тақырыпта сөз бастауға болады. Мысалы, терезеге қарап тұрып, бүгінгі ауа райын тілге тиек етіңіз. Сабақ кестесі, жатақхана алу туралы шаруалар, банктегі кезек... тағысын тағы сөз ететін нәрселер көп-ақ. Бірінен бастап жіберіңіз де, компанияны елітіп әкетіңіз. Әр түрлі тақырыпты әңгіме ете отырып әр түрлі адамдармен аз уақыт ішінде ғана таныстық орнатуға болады.  Өзіңізді кіммен жайлы сезінесіз, кімнің қасында ыңғайсыз сезінесіз – осы мәселенің шешімін қысқа таныстық арқылы тез табасыз. Жаңа достарды неғұрлым тез тапсаңыз, студенттік өмірге соғұрлым тез еніп кетесіз.

Сыйластық. Адам – әлеуметтік жаратылыс. Оған жаңа ортаны меңгеріп қана қою жеткіліксіз, сол ортада қалай сыйлы, құрметті болуды ойлану керек. «...Ақылыңа қарап шығарып салады». Жаңа тұрмыс тіршілігіне бейімделу үшін жаңа құрылған ұжымнан өз орнын тауып, таныстар мен жолдастар табу қажет. Маслоу қажеттілік пирамидасын еске түсірейік. Бірінші курс студентіне топтастарынан ерекшелену үшін не істеуіне болады? Айналаңыздағы адамдарға қолыңыздан келгенше жақсылық жасап жүріңіз. Сабақ кестесін алып келсеңіз,  топтың барлық студентіне пайдаңыз тиді деген сөз. Су алуға, қағаз шығаруға біреудің тиыны жетпей тұрса, қоса салыңыз. Жақсылығыңыз екі есе қайтатыны есіңізде болсын. Кішкене қайырымдылық сізді үлкен жүректі етіп көрсетеді. Екі рет «мен берейін» деген кісі емес, бір рет «міне, ал» дейтін адам қайда да, қашан да болмасын сүйкімді.

Оқу орнындағы алғашқы күндерде адамдарға үйренуге күш алыңыз. Алдымен тұлғалық қасиеттеріңізді қалыптастырып алыңыз, кейін сол қасиеттеріңіз өзіңізге қызмет ететін болады, бұл бизнес саласындағы әрекет секілді. Apple компаниясының саясаты осылай болатын. Олар алдымен кіріс көзін ойлаған жоқ, бастысы қоғам қажеттілігін қанағаттандыру деп санады. Міне, көпшілік сұранысына ие болатын өнім шықты да, ол компанияға өздігінен табыс құйылды. Apple-дің ұстанымы бірінші курстарға ғана емес, барша адам баласына үлгі.

Көріп отырғаныңыздай жаңа ортаға бейімделу сіз ойлағандай аса қиын емес екен. Оларды орындау қарапайым, қызықты әрі жағымды. Ал, сәттілік!

Алыстағы жақындарыңызды ойлап, көз жасыңызды көлдете бермей, әр сәттен бақыт көре біліңіз. Мұндай күнге жете алмай, ауылда қалған адамдар да бар... Адам өмірдің барлық сатысынан өтеді, бұл сіздің тағдырыңыз.

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Досжан Балабекұлы
Қосылған күні: 18 тамыз 2015, 12:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->