Қазақстанда ҰБТ өткізу тәртібі қатаңдатылатын болды

Қазақстанда ҰБТ өткізу тәртібі қатаңдатылатын болды

Биыл ҰБТ өткізу тәртібі қатаңданады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің маркетинг және жоғарғы оқу орнына дайындық орталығының басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Людмила Гейц хабарлаған болатын.

Аудиторияда ұялы телефонмен, шпаргалкамен ұсталған оқушылар бірден шығарылып, тек бір жылдан кейін ғана тестілеуге кіретін болады.

Бақылаудың қатаң болатындығы тәртіпті жиі бұзушылықпен байланысты болса керек. Бұған дейін тестілеу барысында шпаргалкамен ұсталғандардың саны өте көп тіркелген. Былтырдың өзінде республика бойынша 27 мың шпаргалка мен ұялы телефон тәркіленген. Яғни 80 мың оқушының әрбір үшіншісі аудиторияға шпаргалкамен кірген. Мысалы, 2014 жылы Өскеменде бірде-бір тәртіп бұзушы тестілеуден шеттетілмеген.

Людмила Гейцман: «Білім және ғылым министрлігі мұндай тәртіпсіздіктердің жүзеге асып жатқандығына қатты алаңдаулы. Сол себепті бақылау қатал болады деген ойдамыз. Егер оқушы ұялы телефонды пайдаланғаны үшін тестілеуден шын мәнінде шеттетілетінін білсе, оны қолданып нар тәуекелге бармайтын еді», - деп 2015 жылы өтетін ҰБТ-ның әлдеқайда қатаң өтетіндігін айтты.

Айта кетейік, бұл Білім және ғылым министрлігінің тарапынан енгізіп отырған алғашқы қатаңдату шарасы емес. Бірнеше жыл қатарынан аудиторияға ұялы байланысты тежейтін құралдар қойылып, оқушыларды металл іздегіштермен тексеріп қана кіргізіп жүр. Мұнымен қатар, биыл тұңғыш рет аталған құрылғылардың ақаусыз жұмыс істеуін қадағалайтын техникалық қызметкерлер болады.

Сурет: nis.edu.kz 

Қ. Бүйенбай