- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Пайызды жылдам әрі...
Пайызды жылдам әрі ойша есептегіңіз келе ме?
Қазіргі таңдағы несие мен бөліп төлеуді ескерсек, пайызды ойша есептеудің көп көмегі тиер еді. Ол үшін берілген сан мен пайызды өзара көбейтіп, соңғы екі санды алып тастау керек. Өйткені, пайыз дегеніміз – жүздің бір бөлігі.
70 санының 20%-ы қанша болады? 70×20=1 400. Соңғы екі санды алып тастаймыз. Яғни, нәтиже – 14. Көбейтіндінің орны ауысқанымен, нәтиже сол күйінде қалады. Мысалы, 20 санының 70%-ын табу керек болды дейік. Нәтиже бәрібір 14 болып қала береді.
Аталған тәсіл өте оңай. Алайда бұдан өзге сандар болса ше? Мысалы, 72 санының 29%-ын есептеу керек болды делік. Бұл жағдайда жылдам есептеу үшін санды жуықтауымызға тура келеді. Өкінішке орай, дәл жауап ала алмаймыз. 72 санын 70 деп, ал 29 санын 30 деп жуықтаймыз. Артынша жоғарыдағы тәсілдің көмегімен есептейміз.
Ал Сіз пайызды ойша есептей аласыз ба?
Оқи отырыңыз:
Оқушы ұлдар қыздардың бантигіне неге құмар?
Оқушы: "Сыныпта көшбасшы болғым келеді!"
Оқушы: "Екі алғанымды ата-анама қалай айтамын?"
Сурет: rudaki.ru