Маңғыстаулық 4-сынып оқушысы мектебіне миллион теңге сыйлады

Маңғыстаулық 4-сынып оқушысы мектебіне миллион теңге сыйлады

Мектеп оқушысы республикалық әлеуметтік жобалар байқауында жүлдегер атанды. Ол математика сабағында қолданылатын ағаштан есептегіш құрал жасаған. Бұл туралы Tumba.kz жазды.

Сайөтес ауылының өнерлі баласы Азамат Тоқсанбайға атасы аз да болса көмек көрсеткен. Нәтижесінде жұмыс бір миллион теңгеге бағаланған.

Бұл қаражатты 4-сынып оқушысы мектебіне сыйлаған. Ақшаға мектеп заманауи құрал-жабдықтар, интерактивті тақта сатып аллған және мектеп гүл құмыраларымен де жаңартылған.

Азамат төрт жасынан бастап сандарды жаттауды жақсы көреді. Ең алғашқы жылдам есептегішті ол қашықтан оқыту кезінде түрлі-түсті қағаздан жасаған.

Үлкен жүректі кішкентай бала атанған мектеп оқушысы болашақта өзі жасаған техникасын сатып, балаларға көмектесуді армандайды.

А. Оралқызы