Бала мектепке баруға қай кезде дайын болады?

Бала қай кезде мектепке баруға дайын болады? Қай жаста барғаны дұрыс? Баланың жаңа өмірлік кезеңінде не жайлы сөйлесу керек?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын 20 мамырда сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-арнасында болатын сұхбатта біле аласыздар. Мектепке дейінгі дайындық және психологиялық тәсілдің қыр-сыры туралы сарапшылар айтып береді. Қонақта:

– "Страна детства" балабақшасының директоры, қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының Алматы қаласындағы филиалының директоры Любовь Айтхожина;

– сарапшы, әдіскер КАНО Галина Игнатенко;

– педагог-психолог, Монтессори-педагог Ирина Шымбай;

– клиникалық психолог, нейропсихолог Назгина Мирза.

Жүргізуші – журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар – Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес – "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеестер мен ұсыныстарын айтады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкаст, пайдалы мақала, видео және басқасы шығады. 

Жоба туралы толығырақ I-BALAQAI в Instagram парақшасында.

RTS Decaux компаниясына түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.