Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Оқу жылының екінші тоқсанында мектепте оқыту форматтары бойынша алдын ала есептеулер жүргізілді.

Білім және ғылым министрлігінің Telegram-да жариялаған мәліметінше, қазіргі кезде қазақстандық мектептерде 3,4 млн бала оқиды: қашықтан оқыту форматында – 2,4 млн, дәстүрлі форматта – 953 мың, 647 мың бала кезекші сыныптарда (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепте 306 мың оқушы білім алып жатыр.

Екінші тоқсанда оқу форматтары бойынша балалардың болжамды саны: қашықтан оқыту форматында – 2,2 млн, дәстүрлі форматта – 1,2 млн, оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып), шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы, 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады.

Тиісті шешім Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Т. Раушанұлы