Зорлайын деп жатқанда ұсталған. Желіде видео жарияланды

Желіде 13 жастағы қызға тиіскен ер адамның видеосы тарады. Оқиға Атырауда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Qumash Telegram-арнасында жарияланған. Атырау облысы Полиция департаменті өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Авангард шағынауданында көлікті заңсыз басқарған ер адам көпқабатты үй ауласында жасырынып, 13 жастағы қызды зорламақ болғанын растаған еді.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда ер адам 13 жастағы қызға тиіскені хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!