- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зеленский кеңсесі: "Мәскеудегі...
Зеленский кеңсесі: "Мәскеудегі терактке Украинаның қатысы жоқ"
Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесінің жетекшісінің кеңесшісі Михаил Подоляк 1Крокус сити холлдағы" терактке Украинаның қатысы жоғын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Нақтысын айтайын. Украинаның бұл жайттарға ешқандай қатысы жоқ", - дейді Подоляк.
Бұл туралы "Страна.ua" басылымы және "Украина Сейчас" телергам арнасы хабарлады.
Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.
Соңғы деректер бойынша, кемінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен.
Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандар немесе зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпарат түспегенін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина