- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Заңбұзушылықтарды анықтадық". Шәріпханов...
"Заңбұзушылықтарды анықтадық". Шәріпханов шахтаға өзі түскенін айтты
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов апаттың себебін анықтау үшін Үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түскенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз өте маңызды заңбұзушылықтарды анықтадық. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-тен аса оқшаулағыш бөгет пен желдету құрылысы қираған", - деді ол үкімет сағатында.
Сырым Шәріпханов қазір тағы 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатқанын айтты.
"Апатты тергеуге Қазақстаннан және шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылды", - деді министр.
Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Бүгін Сырым Шәріпханов соңғы кеншінің денесі табылғанын айтты. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек